Табиғат пен адам - егіз ұғым Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ. Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды, себебі адамда табиғаттың бір бөлшегі. Таразы басында екі қымбат нәрсе бірі табиғат, бірі адам. Бірі жеңіл тартса таразы аударылады, демек адам мен табиғат егіз ұғым. Бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек. Табиғатты аялау дейміз – ау. Осы бір сөздер парақ жүзіне асқалы көп болғанын сізде бізде білеміз. Өзіміздің салдыр - салақтығымыздың нәтижесін көріп те жүргендейміз. Оған дәлел талай баланың дертті болып туылуы болса, ауа - райының үлкен өзгеріске ұшырауы, төрт мезгілде болатын құбылыстың бір күнде болуы, табиғат – ананың да денсаулығына нұқсан келгенін қинала отырып мойындаймыз Ақын ағаларымыз табиғатты өлең тақырыптарына көп арқау еткен соның біріне тоқталар болсам: Табиғатта сезімде, құлақта бар, Ренжітсең қайғырып жылап та алар. Аяласаң жаныңа шуақ тамар, Қажығанда бойыңа қуат тамар.- демек менің құрметті замандастарым табиғатты аялайық! Табиғаттың тылсым күшіне ұшырағанша, табиғаттың әсемдігін сіңірейік. Биылғы Көктем шырайлы болсын, Жаз жаңбырлы болсын, Күз егінді болсын, Қысымыз қарлы болсын ағайын! Кері қайту Материал рейтингісі:
<span>Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.</span>
Мен туратын жақтар да таулар өте көп. Таулар жап жасыл. Тауға шыққан да бетінде салқын жел қытықтайды. Таудың бас жағында үнемі көп көнбек аспан тұрады.
Мен бұл бағдарламаны сана-сезім мен ойлау қабілетті трансформациялайтын алғашқы қадамның бірі деп білемін. Көзқарасты, ниетті, ой-өрісті жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. "Өз ойыңды мазалап, өз бойыңды тазалап, өзіңмен алыс өлгенше" деп Абай Құнанбаев айтқандай адам өзі түзелгенде, жан-жағындағыларда түзеле бастайды.
Менің бас уақытым өте аз. Аптаның алты күнінде сабақ оқимын. Жексенбіде отбасымызбен серуенге шығамыз, табиғат аясында демаламыз. Мен өзімнің демалыс күнімді қызықты өткізгенді ұнатамын. Бұл күні мен достарыммен кездесіп, киноға немесе сауықтыру орталықтарына барғанды ұнатамын. Жалпы бос уақытында адамдар өздерінің сүйікті істерімен айналысқанды ұнатады. Менің сүйікті ісім – кітап оқу, шаңғы тебу. Қыста мен таңертеңгі астан соң-ақ шаңғы тебуге кетемін. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы паркте тебемін.