Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады.Асан танымындағы дүние көрінісі оның әлеуметік көзқарасының мінділігін ан.ықтайды. Адам, қоғам, табиғат Асан үшін мызғымас бірлікте. Адамның қоғамға, табиғатқа қатынасы Асан болмысында ерекше айқындалады. Дүниенің жаратылысын Асан қайғы ақыл күшімен пайымдайды.Халықтың дүниеге идеялық қатынастарын Асан өз пайыммымен қорытып, оны жаңа деңгейге көтере білген. Асан табиғатпен бетпе – бет жүздесіп, оны жандандырады, адам кейпіне түсіреді. Жүрек түбінде жатқан ойларын ақтарады. Өзінің қалауын, тілегін табиғатқа осылай айту арқылы ол адамшылық парызын орындайды. Философиялық тұрғыдан пайымдасақ дүниедегі заттардың, құбылыстардың, процестердің қасиеттерінің мәнділігін арқау ету арқылы оларға тіке қарап, адамды, оның терең сырларын тануда. Асан ата – тек қана қазақ халқы емес, бүкіл түркі халқының қастерлеп жүрген ұлы тұлғасы. Қазақ үшін Асан ата – халықтың қамқоршысы, батагөйі, данышпаны, елдің бірлігін, қамын,тыныштығын ойлаған қайраткер. Ол 1361 – 1470 жылдары өмір сүрген. Бір аңыздың айтуына қарағанда, Асан Қайғы Сарыарқада, Ұлытауда дүние салды деген сөз де бар. Бәрібір Сыр бойы аса киелі ,әруақты панасы болып есептеледі. Ата қабірінің Шиелі жерінде бой көтеріп, алыстан айбарлы көрінуі, күнде басында болып, тағзым етуіміз – мақтанатын жай. Олай болса әлі күнге дейін жиналмай келе жатқан әулие мұралары толық жинақтау біздің және келер ұрпақтың парызы.
К-дауыссыз, қатаң
ө-дауысты, жіңішке
ш-дауыссыз, қатаң
е-дауысты, жіңішке
д-дауыссыз, ұяң
е-дауысты, жіңішке
н-дауыссыз, үнді
Салем Яна калин калай меня океанариумда оте сулы балыктарды гордым маган океанариум отец Канады
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.<span>
</span>
Құстар
Көбелек келіп, күмп етіп
Көбігін ішіп, ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етіп,
Жарымын ішіп ол кетті.
Қарға келіп, қарқ етіп,
Қалғанын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп, саңқ етіп,
Сарқып ішіп ол кетті.
Қырғауыл келіп, қиқу сап,
Қазан түбі қаспағын
Қырнап ішіп, ол кетті.