Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді.
Гүл б.б.
Г- д/сыз,ұяң
Ү-д/ты, жіңішке қысаң, еріндік
Л-д/сыз, үнді
3əріп,3дыбыс,1буын
Жақсы- жақ- сы б.б. а.б.
Ж-д/сыз, ұяң
А-д/ты, жуан, ашық,езулік
Қ-д/сыз, қатаң
С-д/сыз,қатаң
Ы-д/ты, жуан, қысаң, езулік
5əріп,5дыбыс,2буын
Қыста-қыс-та б.б. а.б.
Қ-д/сыз,қатаң
Ы-д/ты, жуан қысаң езулік
С-д/сыз, қатаң
Т-д/сыз,қатаң
А-д/ты, жуан ашық езулік
5əріп,5дыбыс2буын
Мектеп үлгісі бұрын қыздар үшін-сұр көйлек, қара фартук, қара немесе қоңыр бантик болыпты. Ал, мерекелерде ақ фартук киіп, ақ бантик тағады екен. Ер балалар ақ көйлек, қара костюм шалбар киетін болған. Бұндай мектеп үлгісі туралы маған әжем айтып берді.
Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағы

ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қорында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсновтың «Маса» атты өлеңдер жинағының төте араб жазуымен жазылған нұсқасы сақталған.
Бұл 1922 жылы Татарстанның Қазан қаласында 3 рет жарық көрген нұсқасы. Жинақ 87 беттен тұрады.
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен алғаш Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.
Байтұрсынұлының «Қырық мысалдан» кейінгі, екінші кітабы — «Маса». Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді.