Атау аға
іл ағаның
барыс ағаға
табыс ағаны
жатыс ағада
шығыс ағадан
көмектес ағамен
Қызыл қасқыр
1-категория. Қазақстан территориясынан жойылып кетуі де ықтимал. Себебі аты аңызға айналған бұл жыртқышты 40 жылдан бері ол мекендеген жерлерден (Тянь-Шань мен Алтай таулары) кездескені жайында анық деректер жоқ. Қызыл қасқырды Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып, оны бұрынғы мекендеген жерлерге қайта жіберудің жолдарын қарастыру керек.
Тянь-Шань қоңыр аюы
3-категория. Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп – адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру.
Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек.
Орта азия тас сусары
3-категория. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайда тараған. Қасақылық әсерінен саны біртіндеп кемуде. Тас сусарды қорғау үшін көпшілік халық, әсіресе аңшылар, арасында кең көлемде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек.
Орман сусары
3-категория. Қазақстанда тек Жайық өзенінің жайылмаларындағы ормандарда мекендейді. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның ормандарында бірнеше рет кездескені белгілі. Бұл жерлерге ол Россияның шекаралас аудандарынан өтіп келген. Санын шектеудің негізгі факторлары – қасақылық және азық қорының азаюы. Кирсанов қорықшасында қорғауды күшейтіп, азық қоры аз болған жыддары сусарды қыс айларында үстеме қоректендіруді ұйымдастыру керек.
Европа қара күзені
1-категория. Ертеде Жайық өзенінің алқабы мен Еділдің атырауында мекендеген. Бәсекесі америка су күзенін жерсіндіргеннен кейін қара күзен бұл жерлерде кездеспейтін болды. Қазақстанда оның толық жойылып кетуі де мүмкін. Европа қара күзенін қолда өсірудің шараларын дайындауды қолға алып, оны бұрынғы мекендеген ортасына қайта жіберіп, сол жерлердегі америка су күзенін жоспарлы түрде аулау шараларын қарастырудың мезгілі жеткен сияқты.
Шұбар күзен
3-категория. Қазақстанның шөл және шөлейтті аудандарында кеңтараған, бірақ барлық жерлерде саны өте аз. Кейбір құрғақшылық жылдары саны күрт өзгеріске ұшырап, мүлдем азайып кетеді. Шөлді аймақта Бетпақдала, Балқаш өңірі, Қызылқұм қорықтарын ұйымдастыру, сонымен қатар сирек кездесетін жануарларды қорғау үшін бірнеше зоологиялық қорықшалар құру керек.
Тілім менің тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өшсе тілім менде бірге өшемін,
Оссе тілім менде бірге өсемін. - деп шешен адамдар бекер айтпаған.
ТІл болмаса, ел де болмайды. Тіл - әрбір ұлтта, әр елде әр түрлі болады. Ол өмірде ең құдыретті, қастерлі. Ол әр адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған асыл мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің
ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл,
бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен
бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып,
«мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана
тіліміздің болашағы» деген болатын.
пример предложения. пример сопряжения