Менің анам өте əдемі, сұлу, ақылды. Мен анамды əрқашанда мақтан етемің. Анам маған үнемі жылы сөйлейді. Мен ұнататын дəмді тағамдар даярлайды.Мен аурып қалсам анам маған дəрі-дəрмек беріп емдейді. Мен анамды өте қатты жақсы көремің.
Сәлем! Мен бүгін өзімнің қалай қонақ күтіп алатынымды айтып бергім келеді. Үйге қонақ шақырған кезде анама көмек көрсетемін.Дүкенге барып азық-түлік алып келемін. Одан қалса үстелді жылжытып, орындықтар ды орнына қоямын. Үлкен қонақтар үйге кірген бойы мен оларды қарсы аламын. Амандасып, дастарханның қасына дейін ерітіп апарамын.Әрине,үйге кішкентай қонақтар келген кезде мен олардың көңілін аулаймын.
Алақай, әжем ауылдаң келді! Бәрекелді, өленің керемет екен! Әттең, ол үлгерсе бәріміз бірінші орын алар едік. Пай-пай, неткен әдемі көйлек! Қош-қош, келесі кездескенше, досым.
Мен өскенде дәрігер болғым келеді, себебі дәрігерлер адам өмірін ұзартушы әрі құтқарушы ақ халатты абзал жандар. Бұл жұмыс аса үлкен жауапкершілікті талап ететінін түсінемін, себебі әрбір дәрігер "Гиппократ антын" беріп, кез келген уақытта науқас адамға көмекке келуге тиіс. Бұл ауыртпалығы мен маңыздылығы қатар жүретін мамандық. Дегенмен, науқас адамды емдеп жазу, оның қуанышты көздерін көріп, ризашылығын алу - бұл деген үлкен бақыт. Бірақ әр адамның денсаулығы өз қолында, сондықтан басты байлығымызға аса мән беріп, өз денсаулығымызды сақтай білейік.
Аквариумды өте ұқыпты ұстау керек. Егер аквариумды тазаламасаң ішіндегі балықтар өліп қалады. Уақытылы жемін беріп отыру тиіс. Суын тазалап, жаңадан таза су құйу қажет.