Анар;Сәлиметсізбе, Алия Бакитжанқызы!
Алия Бакитжанқызы;Сәлем,Анар!
Анар;Сіз қалайсыз?
Алия Бакитжанқызы:Жақсы,өзін қалайсын?
Анар:Менде де жақсы.
Алия Бакитжанқызы:Анар,сен бос уақыт қалай өткізесін?
Анар;Мен телефон қараймын.
Алия Бакитжанқызы:Ал неге кітап оқимайсын?
Анар:Білмиймін,оқуға істегім келмейді.
Алия Бакитжанқызы:Егер сен бәрін білеу келсен көп оқу керек.
Анар:Жақсы,мен көп оқимын!Сау болыңыз!
Бақ сөзінің синонимі - мен
Ұяда не көрсең,Ушқанда соны ілерсін.Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін істейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.» «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүрер» деген мақал-мәтелдер де осыны көрсетеді.
<u>Мәтін</u>
<u>Бәйге.</u>
Бәйге – ұлттық ойындардың ішіндегі ең маңыздысы.Жылқы болған жерде бәйге де бар. Қазақ танымында бәйгенің көптеген түрлері бар. Атап айтқанда: аламан бәйге, үдемелі бәйге, айғыр, тай, құнан, жорға жарыс, т.б.Бәйге – біз біле бермейтін этнографиялық мазмұн мен бай дәстүрге ие. Бәйге өткен заманда үлкен-кіші ас-тойларда ұйымдастырылып, даулы мәселелер туындамас үшін бәйгенің билігі беделді ақсақалдарға жүктелген. "Бәйге ат мүсінін жасырады" демекші,бұл жерде аттың сұлулығы емес,жылдамдығы,ептілігі сыналады.Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді.Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс.Бірінші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға,қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі.
Бәйге бүгінгі күні де жалғасын табуда.Әсіресе, дүбірлі мерекелерде,әз Наурызда бәйге жарысы ұйымдастырылып тұрады.
Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.