<span> Қазақстан
</span>
<span>Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..
</span><span>Ұлықбек Есдәулетов</span>
Бір аптада жеті күн бар.
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Қыста қатты аяз болады.
Қоңыр салқында үйде отырған жөн.
Күн жылына бастайды.
Аспанда бұлт жоқ.
Далада жаңбыр жауып тұр.
Жерде тайғақ мұз жатыр.
Көптен күткен көктем келді.
Жерді қараңғылық орады.
Гүлдерден хош иіс шығып тұр.
Ерекше сабақ өттік.
Ертең жел еседі.
2. МЕН сыздым, СЕН сыздын.
3. МЕН даптерге сыздым, СЕН даптерге сыздын.
4. МЕН даптерге сызгышпен сыздым, СЕН даптерге сызгышпен сыздын.
Атау септік Екатерина
Ілік Екатеринаның
Табыс Екатеринаны
Батыс Екатеринаға
Жатыс Екатеринада
Шығыс Екатеринадан
Көмектес Екатеринамен