Интернет-Ғаламтор
Ғаламтор-қазіргі таңда адамдардың қажеттіліктерінің бірі.Тіпті қазіргі таңда ғаламтордың көмегі жұмыс орындарындада,белгілі бір іскеде,күнділікті өмірдеде керек.Ғаламтордың пайдасымен қатар зияны да бар.Бір жағынан ғаламторда отырған ұзақ уақытты алады,екінші жағынан компьютерде көп отырудың көзге зияны бар.Ал негізінен бар мəлімет пен қажетті ақпараттарды сол ғаламтордан табуға болады.Оның көмегін қазіргі кезде бүкіл əлем қолданады,сондай ақ адамдар бір бірімен сөйлесе де алады.Қазір дамыған заман,сонымен қатар ғаламторда дамып келеді.Əлеуметтік желі қолданушыларының саны миллионнан асады.Əрине ғаламтордан керегімізді іздеп табуға болады,бірақ тек қажетті кезде,бос уақытта пайдаланған дұрысырақ!
Аз шығар бірақ өз ойымнан жаздым!
Өйткени қаз бир аяғын көтерип турып денесин жылытады
Биздин сыныптагы Айбек нагыз ер жигит минезди
Мен озиме сенгендиктен озимди нагыз кайсар кыз сезинемин
Менин анам бала тарбиесин оте катан устанады ари бизди тартипти кылып осиретинине толыктай сенимди
Менин ойымша акелер озинин кайсар сенимимен , минезимен откир ойымен нагыз шанырак иеси болуга лайык
Биздин сыныптагы буркит оте дарынды онерли бала.
Менин ажем конакты жаксы кутип оларды торге отыргызу аркылы озинин ибалы екенин далелдейди
Менин хоббиым ажемнин ерекше ертегисин тындау
Мен озимнин аркасуйер ата анаммен мактанамын .
Мен жаксы бала болып борышымды отей билу ушин отбасыма корган болу дурыс деп ойлаймын
Жақсы ән әр қашанда өз тыңдаушысын керемет күйге бөлейді.ән ол өнер.әнді жүрекпен айту керек.себебі бар жүрегіңмен айтылған ән ешкімді де бейжай қалтырмайды.
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.
Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнделікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. “Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң атышулы Машан бидің немересі.
Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.
Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсында оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады.
Институтта оқи жүре, ол Алматыдағы техникумдарда, курстарда сабақ берді. Қазақстандағы маркшейдер мамандығының негізін қалаушы, профессор П.А.Рыжов зерделі студентті 1939 жылы аспирантураға алып қалады.
Ол ғылыми еңбегіне жер қойнауының геометриясын өзек етіп алды. Бұл екінің бірінің тісі бата бермейтін тың тақырып еді. Кертартпа ғалымдар ғылыми жаңалыққа күдікпен қарады. Алайда Ақанның диссертациясындағы кен орындарын зерттеудің жаңа әдісі Қазақстанның көптеген кен орындарында байқаудан өтті. 1940 жылы геологиялық-барлау ғылыми экспедициясын басқарып жүрген аспирант Ақжан осы жаңа әдіс негізінде Ақбастау-Қосмұрын алтын кен орнын ашты. Сөйтіп, кендердің жер қойнауында түзілу заңдылықтарын ашуда алғаш рет жер қойнауы геометриясының әдістерін қолдануы геология мен тау-кен саласында ғылыми жаңалық болды.
1946 жылы Ақжан Жақсыбекұлы Мәскеу қаласында “Кендер құрылымын жер қойнауын геометрлеу әдістерімен зерттеу” тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыс үш мамандықтың (геология, механика және тау-кен ісі) түйісінде жүзеге асқан болатын. Сөйтіп, үш ғылым саласының түйісуіне тау-кен ісінде жаңа ғылыми бағыт – “геомеханика” дүниеге келді