Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойыны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып. Түйе боздап, қой қоздап – қора да шу, Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз, Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз. Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда, Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз. Құс қатарлап байлаған қанжығаға Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек, Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек. Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл, Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер, Диханшылар жер жыртып, егін егер. Шаруаның бір малы екеу болып, Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.
Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер, Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. Анамыздай жер иіп емізгенде, Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Жаз жіберіп, жан берген қара жерге Рахметіне алланың көңіл сенер. Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап, Бір сараңнан басқаның пейілі енер. Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне, Бойың балқып, ериді іште жігер. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай, Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай, Таң атқан соң шығарын күннің біліп, Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.
Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сондай күшті. Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап, Күйеу келді, ай, жұлдыз к... қысты.
Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп, Жан-жануар қуанар тойға елеріп. Азалы ақ көрпесін сілке тастап, Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Күн – күйеуін жер көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай, Көңілі күн лебіне тойғаннан соң Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін. Қызыл арай сары алтын шатырына, Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
Ақбас құмай (лат. Gyps fulvus) – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс Қазақстанда негізінен Іле, Күнгей, Теріскей және Жетісуларында (Жоңғар) кездеседі. Бірақ ұясы Шолақ тауларынан ғана табылған. Денесінің ұзындығы 1,12 м, қанатының ұзындығы 68 см, қанатын жайғанда ұзындығы 2,56 м, құйрығының ұзындығы 30 см. Түсі ақшыл сары, қоңыр. Отырықшы құс. Жұп құрып (2 – 5 кейде 20) тіршілік етеді. Ұясын тік жарлардың қуысына бір-бірінен30 – 50 м жерде салады. Көбеюі жөнінде деректер шамалы. Жұмыртқасын ұябасары мен шәулісі кезектесіп басады. Өлекселермен қоректенеді. Ақбас құмайдың таралу аймағы өте аз, саны жылдан-жылға азаюына байланысты Алматы облысының «Қызыл кітабына» енгізілген
Салем салем .Калин калай? жакси.сенин телефонин барма? арине бар ол саган не ушин керек? ол Ата-анам мае сойлесу ушин керек. телефонин да ойын барма? 1 ойын бар телефоннин ати кандай? Lenovo. Кушти екен. иа саубол саубол
Мою одноклассницу зовут Юля. Ей 11 лет. Учиться хорошо. Очень часто мы с ней ходим в парк и делаем вместе домашнюю работу. Мы отлично учимся поэтому мы стали любимицами учителей. Она очень весёлая и добрая. Часто помогает маме по дому. И вообще она очень хорошая