Сәлеметсіз бе? Маған мына баскиімді көрсетіп жіберіңізші
Сәлеметсің бе? Қандай түсін берейін?
Екі түсінде көрсете беріңіз
Мінеки, киіп көр
Мына ақ түсін алайын, осы ұнап тұр.
Рахатыңа ки.
Рахмет, сау болыңыз.
Назарыңды пожалуйста қазақ тілі мәтін: Егер сен тұрасың, онда білуге арналған " тіл-қазақ тілі. Ол үшін үйренуге барлық сөздер, ережелері, өлген және сондықтан бұдан әрі. Ал практика сен адам сөйлесіп біледі қазақ тілі. Көмегімен осы сен аласың қазақ тілін үйрену.
Теңге-ұлттық валюта
Қазақстанның ұлттық валютасы 1993жылы 15 қарашада пайдалануға енгізілді.Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірленді. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп,тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне, осындай. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған күні болып саналады.
Айдос баяу жүреді.
мен тасбақаның баяу жүретіні туралы білдім
Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Қай қазақтан кем едім? Бір қазақпен тең едім. Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шаңыртып, Сұлтанын суға сұлатып, Ханшасын қақпа алдында жылатып, Ернін еттей тесісіп, Кеңірдегін кесісіп, Жыраға басын түсіріп, Жылғадан қанын ағызып, Басын кессем деп едім! Еділдің бойы ен тоғай - Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім. Еңсесі биік ақ орда - Еріксіз кірсем деп едім. Керегесін кескілеп, Отын етсем деп едім. Туырлығын тескілеп, Тоқым етсем деп едім. Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім. Әлдилеген баласын Жетім етсем деп едім. Хан сусыны сары бал - Сұраусыз ішсем деп едім. Ханның киген кіреуке - Үстіме кисем деп едім. Қанікейдей көріктіңді Қалыңсыз құшсам деп едім. Тінікейдей тектіңді, Ителгі көзін төңкертіп, Күшіктей даусын қыңсытып, Аш күзендей белін бүгілтіп, Әділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне үңілтіп, Артыма салсам деп едім. Тілекті құдай бермеді - Өздеріңдей хандарды Осылай бір қылсам деп едім! Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Ерегіскен дұшпанға Қызыл сырлы жебе едім. Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп едім. Ерегіскен дұшпанның Екіталай болғанда Азыққа етін жеп едім. Хан баласы ақсүйек - Ежелден табан аңдысқан Ата дұшпан сен едің, Ата жауың мен едім. Ежелгі дұшпан ел болмас, Етектен кесіп жең болмас! Хан баласы ақсүйек - Байеке сұлтан сен болып, Сендей нарқоспақтың баласы, Маған оңаша жерде жолықсаң, Қайраңнан алған шабақтай Қия бір соғып ас етсем, Тамағыма қылқаның кетер демес ем