Адамзаттың жер-анаға деген ықыласы ерекше. Топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. Әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген Отанымыз бар. Алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? Өзінің меншікті жері жоқ адам, ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма?
Әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. Ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? Жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі адамға қалқан болуды қалайды. Ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған адаммен бірдей. Бірде бір адам қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді.
Ответ: Эссе
Объяснение:
Менің Отаным - Қазақстан. Біздің ел өте үлкен және бай. Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. Біздің жерімізде көптеген пайдалы қазбалар бар. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің республикамыздың президенті - Қасым Жұмарт Тоқаев. Ал Нұр Сұлтан қаласы - еліміздің астанасы.
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам - ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз.
Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл - қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!
Шебер зерек Акыл ой манди санди
Наурыз
<span> Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;</span>