Отырар Орта Азияның ең көне қалаларының бірі. Араб дереккөздерінде қала Фараб деп аталады. Қаланың қарқынды дамуы басталды, себебі бұл Жібек жолының негізгі тармақтарының бірінде болды. Қаланың ең көрікті жерлерінің бірі - Арыстан-Баба кесенесі.
Тақырыбы: Аққулы көлде
Жаз... Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы колдің жағасында тізіле қонып алты ауыл отыр. Жаздың алтын нұры ойнаған күні еді. Көк мөлдір сулы аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала өрнекті кесте сияқты. Аққулы көлдің жағасы жасыл кілем жайғандай балбыраған кез еді.
Көлдің ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы -айнадай жалтыраған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып шалқыған екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл арасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады. Екі аққудың нәзік сұлу үнімен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап меруерт, гауһар тізіледі..... Қап-қара жүнді, сыңқылдаған дауысты, ақ маңдайлы қасқалдақтар, қырқылдап ойнаған қоңыр үйректер, теріс аяқтар. Сусылдап ұшып-қонып ойнаған нәзік үнді, көк ала мойын, көк ала жібек құйрық сұқсырлар.... Маржан көз сүңгуірлер. Балаша жылаған ақ түсті гагралар. ... Қаңқылдап ұшып қонған қоңыр қаздар, шулаған шағалалар. Көлді айнала қорыған қара ала қанатты, әдемі айдарлы, шаршамайтын, саққұлақ қызғыштар. Көкке шығып, зыр қағып безектеп сұңқылдаған ұзын аяқ, біз тұмсық тау құдіреттер, тағы да толып жатқан неше түрлі құстар көл басын сұлу күйлі думан қып жатты.(185 сөз)
Мысалы: Менің анам қолынан өнері тамған жан. анамның қолынан тігіс жағынан келмейтіні жоқ. Киім-кешектен басқа кілем, көрпе, жастық ,құрақ дегендердің бәрі келеді. Қазіргі кезде анам үйде отырып тапсырыс қабылдайды. Тұрмысқа шыққын қыздардың жасауын түгел жасап береді. Мен өз анамнан көп нәрселер үйреніп жүрмін. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер . деген мақалдың мағынасын енді түсінгендеймін. Себебі мен өз анама қарап өсіп келе жатырмын.
Сыныр - 5 әріп,5дыбыс , 2 буын ,сы- ашық буын,ныр - бітеу буын,3 дауыссыз, 2 дауысты ,
с-дауыссыз , катаң
ы-дауысты ,жуан,қысаң ,езулік
н - дауыссыз,үнді
ы-дауысты ,жуан,қысаң ,езулік
р дауыссыз , үнді
2оңдамын емес ондамын
3жазғытұры емес жазғытұрым
5қолыма емес қолыңа
бақасың емес бағасың
Осылай болатын шығар өз білгенім ді айттым ))