Ақыл кенес радиоға деп тұр
Какой текст именно?........
Әлемдегі ең қымбат автокөлік шығаратын компаниялар туралы естіген боларсыз. Алайда бүгінде ең қымбатқа бағаланатын темір тұлпарлар жайлы көп білмеуіңіз мүмкін. Осы мақсатта дайындаған қызықты танымдық ақпаратымызды оқи отырыңыздар. Оқып қана қоймай, олардың теңгеге шаққандағы бағасын да біле жүріңіздер.
1. Bugatti Chiron
Құны : 851 180 000 теңге
Бұл көліктің алғаш рет жасалу нұсқасы 2013 жылы жарияланған болатын. Осы жылы Женева автосалонында ресми түрде таныстырды. Автокөлік атауы танымал автошабандоз Луи-Александр Широн құрметіне қойылған. Ол 1928-1958 жылдар аралығында «Формула-1» жарыстарындағы аты шыққан тұлға болды. Кейде автокөлік атауы әр тілде оқылғанда әр түрлі мағына да береді. Грек тілінде «Хирон» деп оқылса, БАҚ «Кайрон» деп те жазып жүр.
«Bugatti» компаниясы жаңа автокөлік нұсқасының санын жыл соңына дейін 500-ге жеткізуді жоспарлап отыр.
2018 жылы компания автокөліктің жылдамдығы көрсеткіші бойынша рекорд орнатуды жоспарлап отыр.Бензин багының сыйымдылығы 100 литрді құрайды. Егер бар жылдамдығымен жүретін болса, жанармайы 9 минутқа ғана жетеді екен.
2.Pagani Zonda Revolucion
Құны: 889 870 000 теңге
«Gran Turismo» шығарған «Zonda» нұсқасындағы соңғы автокөлік соңғы уақытта аса бағалы саналып отыр. «Zonda» нұсқасындағы автокөліктер 1999 жылдан бері құрастырылып келеді. Соңғы нұсқасы «Zonda R (Revolucion)» деп аталады.
Автокөлік 100 шақырым сағатына жылдамдықты 2,7 секундта алады.
«Pagani Zonda Revolucion» күші 800 аттың күшіне пара-пар.
3. Lykan Hypersport
Құны: 1 354 150 000 теңге
«Lykan Hypersport» - арабтар шығарған алғашқы люксті гиперкар. «W Motors» компаниясының алғашқы автокөлігінің нұсқасы 2013 жылы Монакода таныстырылған болатын. Танымал «Форсаж 7» фильмінде осы автокөлік пайдаланылған. Моторының мықтылығы – 750 аттың күшіне тең. 100 метр қашықтыққа жылдамдықты 2,8 секундта алады.
4. Ferrari SP12 EC
Құны: 1 702 360 000 тенге
Бұл автокөлікті танымал британдық гитарашы, композитор әрі әнші Эрик Клаптон келісімшарт негізінде арнайы жасатқан. «Pininfarina» мамандары автокөлікті жасауға «Ferrari 458 Italia» автокөлігін негізге алған. Ал сыртқы көрінісін «Ferrari 512 BB» нұсқасына ұқсатқан.
5.Lamborghini Veneno Roadster
Құны: 1 741 050 000 теңге
Бұл автокөлік 2013 жылы Женева автосалонында таныстырылды. Бар болғаны 4 нұсқасы ғана шыққан. Оның біреуі мұражайға қойылса, үшеуі таныстырылымға дейін сатылып кетті. «Lamborghini Veneno Roadster» гиперкарын италиялық компания 50 жылдығына арнап шығарды. Моторының күші 750 аттың күшіне пара-пар.
6.Koenigsegg CCXR Trevita
Құны: 1 760 395 000 теңге
«CCXR» ертеректе шыққан «ССХ» нұсқасының жетілдірілген түрі. Бүгінде ең жылдам жүретін автокөліктер арасында экологиялық таза өнім саналады. Моторының күші 806 аттың күшіне тең. Ал жылдамдығын алдағы нұсқаларында тағы жоғарылатпақ.
7. McLaren X-1 Concept
Құны: 1 799 085 000 теңге
2012 жылы «McLaren Automotive» Х-1 концепткарын арнайы таныстырды. Бұл автокөлік қалталы азаматтың арнайы тапсырысы бойынша жасалған. Жасалуына үш жыл уақыт кеткен. Ал автокөлікке тапсырыс берген тұлға әлі күнге дейін белгісіз.
8. Rolls-Royce Hyperion Pininfarina
Құны: 1 818 430 000 теңге
«Rolls-Royce» құрастырған жалғыз автокөлік 2008 жылы белгілі коллекционер Роланд Холл тапсырысы бойынша көпшілікке таныстырылды. Сыртқы қабаты – карбоннан, есіктері ағаштан жасалған. Моторының күші 453 аттың күшіне тең. Дегенмен араға бір жыл сала Роланд Холл ерекше құрметтейтін көлігін 5 миллион евроға сатып жіберді.
9.Maybach Exelero
Құны: 2 756 000 000 теңге
Әлемдегі ең қымбат көліктердің бірі - «Maybach Exelero». Моторының күші 700 аттың күшіне тең. Ал оның доңғалақтары көліктің асқан жылдамдықпен жүруіне қолайлы. Сағатына 100 шақырымдық жылдамдықты 4,4 секундта алады.
10. Mercedes-Benz SLR McLaren 999 Red Gold Dream Ueli Anliker
Құны: 3 604 959 000 теңге
Алтынмен апталып, күміспен қапталған бұл автокөлік арнайы тапсырыспен жасалған. Қауіпсіздігі соңғы үлгідегі наножүйе бойынша қорғалады. Ұрланған жағдайда арнайы радар орнатылған. Ол көлік иесіне бар хабарды беріп отырады. 2011 жылы жасалған бұл автокөліктің ең қатты жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайды.
Зат есім Кім не деген сұррақтарға жауап береді! 1 СЫЗЫҚПЕН СЫЗЫЛАДЫ Ал сын есім қандай қай деген сұраққа жауап береді ирек сызықпен сызылады Ұқсастықтары екеуі да сөз таптары Екеуі де сөйлем мүшелері бола алады.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі.