Жұмысы жоқтың ырысы жоқ
Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де,талап қыл!
Бейнет қыл да зейнет қыл.
Шеберді саусағы асырайды
Шебердің инесі де алтын, Соққан күймесі де алтын.
Алтын менен күмісті, Зергер үшін жаратқан. Арқар менен құлжаны, Мерген үшін жаратқан.
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін
1)Отан оттан да ыстық.
2)Отан үшін отқа түс, күймейсің.
3)Отан отбасынан басталады.
4)Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.