Ат аяғынан семірер, Адам құлағынан семірер.Екі кісі ығысса, Бір кісілік орын бар.Адам сөйлескенше, Жылқы кісінескенше.Бұрынғының кісісі — Бүгінгінің кішісі.Ағаш көркі — жапырақ, Адам көркі — шүберек.Кісі аты тершіл, Кісі киімі кіршіл.Кісідегінің Кілті аспанда.Кісі қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас.Адам құлақтан азады, Қаңқудан тозады.Әлсіз адам — сүріншек, Ақылсыз адам — еріншек.Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында.Жақсы адам — елдің көркі, Жауқазын гүл — жердің көркі.Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде.Көкірегі жел адам — өр кеуде, Көкірегі көр адам — жай пенде.Адамның сырты — алдамшы.Адам қайғысы — заман қайғысы.Бір адам — самал, Екі адам — амал, Үш адам — жамал, Төрт адам— қамал.Адамның құлқы түзелмей, Өмірдің құлпы түзелмейді.Желауыз адамға, сыр айтпа, Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.Асауды бас білдіретін жігіт бар. Адамды аздырмайтын үміт бар.Адамға адам жат емес.Адам ойға тоймас, Бөрі қойға тоймас.Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жер - соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады.Адам қайғысы - заман қайғысы.Адам бір-біріне қонақ. Ас – адамның арқауы.Аштық ас талғатпайды.Өзi тойса да көзi тоймайды.Сыйлап берген су да тәттi.Тату үйдiң тамағы тәттi.Ат адамның қанаты, Ас адамның қуаты.Ықыласпен берген су да ас.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.Қарны ашқан қазанға қарар.Ер азығы мен бөрi азығы жолда.Жарты құрсақ пайда, Бүтiн құрсақ қайда.Қарны ашқанға қара нан да май татыр, Шөлдегенге қара су да бал татыр.Дастарқанда наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ.Жұмыс ауыр болса да нан тәттi.Нан болса, ән де болады.Нан – тамақтың атасы.Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ.Егінші нанын жейді, еріншек арын жейді.Жақсы еңбектенсең – ауызың нанға тиеді, Ерiнiп еңбектенсең – ауызың тасқа тиеді.Өле жегенше, бөле же.
Сама пиши по казахскому просто у меня русская клавиатура!!Казир биздин елимиз жанаруда.Казир Астана каласында барлыгы EXPO2017жылы болатин кормеге дайындалып жатыр.Менде тезирек бирнарсе ойлап тауып, катыскым келеди.