Адам мен табиғат егіз. Қай заманда болмасын адам табиғатпен тығыз байланысты болған. Мәселен, дем алып отырған ауамыздың өзін тал-терек, жасыл желектен алатынымызға көп көңіл бөле бермейміз. Ал басты байлығымыз саналатын орман-тоғайды көздің қарашығындай қорғауды әсте ұмытпағанымыз абзал. Ұлан-байтақ даламыздың 4 пайызын ғана орман алқабы алып жатыр. Осыған қарап-ақ қоры шектеулі табиғатты тұмса күйінде келер ұрпаққа жеткізу міндеті қаншалықты маңызды екенін байқайсыз. Осының 60 пайызы шөл даланың иесі мен еркесі сексеуіл ормандарының үлесінде. Десек те, бағаламасақ, жойылуға шақ қалған құнды өсімдіктерден көз жазып қалуымыз мүмкін.<span>Үштөбе орман шаруашылығы екіге бөлінеді. Атап айтсақ, оның бірі Қаратал орман шаруашылығы болса (тоғайлы орман), екіншісі мойынқұм орман шаруашылығы (сексеуілді орман). Ал, сексеуілді орман 81826 гектар алқапты алып жатыр. Қаратал өңірінде төрт аяқты жануаралар: қасқыр, түлкі, борсық, елік, сілеусін, қоян, қарсақ, су тышқаны мекендейді. Сонымен бірге қырғауыл, шіл, бөдене, буылдырық, үйрек, қаз, көкқұтан сияқты құстар орманның көркі мен байлығы болып отыр. Қыстың қатты болуы аң-құстарға оңай соқпайды. Бір жағынан рұқсатсыз аң аулаушылар қыспаққа алса, екінші жағынан қасқыр мен түлкіге жем болады.</span>
Жетісу Қазақстандағы ірі қалалардың бірі болып саналады.Жетісу үлкен әрі көрікті қала.Жетісуда көмір өндіріледі.Жетісудың Жетісу деп аталу себебі жан жағын жеті өзен қоршап тұрғандықтан осылай аталған.Жетісуда түрлі екерткіштер,биік мұнаралар,ұзыннан ұзақ созылып жатқан көлдер,өзендер,таулар бар.Сондықтан да маған Жетісу қаласы қатты ұнайды және сол қалаға барғым келеді.
Екібастұз қаласы Павлодар облысындағы ең әдемі қалалардың бірі болып есептеледі. Екібастұз қаласы тіпті облыс қана емес, бүкіл еліміз, шет елдіктергеде жақсы таныс. Өйткені ол жерде ер асты байлығы, тас көмір өндіріледі. Екібастұз елді мекені 1898 жылы ашылған. Оған облыстық маңызы бар қала статусы 1957 жылы 12 маусымда берілген. Екібастұз қаласы кеншылер мен энергетиктардың мақтанышы.
Жетісу аймағы ол тарихи географиялық аймақ болып табылады. Солтүстікте Балқаш, солтүстік шығысында Сарікөл мен Алакөл, шыгыста жонғар Алатауы, оңтүстік жəне оңтүстік батысында Солтүстік Тянь-шянь шоталарымен шектеседі. Тарихта Жетісу деп Лепсі, Басқан, Ақсу, Буйен , Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген аймақты атаған. Жетісудың аймағы солтүстіктен оңтүстікке 900 км, Шығыстан Батысқа 800 км алып жатыр. Ол жердің табиғаты əртурлі. Ежелгі Жетісу Қаласында сақ, үйсін, қаңлы тайпалары мекен еткен.Олардан бізге жеткен мұралары ол Тамғалы тас петроглифтері. Бұл петроглифтер ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Шарын шатқалы, Қайынды көлі, Көлсай озендері Жетісудың мақтанышы.
Бұл екі қала Екібастұз жане Жетісу тұралы айта берсең таңды таңға ұрып баяндай беруге болады.
Ана тілім - ардағым.
Қазақ зиялыларының бірі де бірегейі Мағжан Жұмабаев:"Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу.Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді" деген екен.Шынында да,әр халықтың өз ана тілі олардың баға жетпес байлығы емес пе?
Ана тілім ана сүтімен менің бойыма дарыды.Көз ашып,ес білгеннен бері тек ана тіліммен қоғамды,қоршаған ортамды тани бастадым.Ендігіде ғұмыр бойы ана тіліммен өмір сүріп,онда еркін сөйлей алуым керек емес пе?Мен өз алдыма осындай мақсат қойдым.Себебі,менің ана тіліме деген махаббатым,алғысым шексіз."Қанша тіл білсең,өзгеден сонша кез биіксің" деген дана халқымыз.Алайда,кіндік қаның тамған еліңнің мемлекеттік тілін білуге,құрметтеуге міндеттісің.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім,мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім,мен де бірге өшемін!- деп Ә.Тәжібаев атамыз айтқандай,мен де "ана тілім - ардағым" деп өмірімнің соңына дейін қазақ тілін қастерлеп өтетініме кәміл сенемін.
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отврып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.
Балалар өлең оқиды.
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,
<span>Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын. </span>
<span>Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. </span>
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”
атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
<span>Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.</span>
Тіл-ол адамның ең керемет мүшесі. Адам оны дұрыс пайдалана білуі керек. Ол арқылы адам бір-бірімен тілдесе алады. Осы өмірде тілдің маңызы адамзат үшін өте үлкен рөл атқарады. Тілсіз адам адам емес. Олсыз бұл өмірде ешкім бір-бірімен сөйлесе алмай, өздерінің ойын айта алмас еді.Əрине, қазіргі кезде үш тілді білу қажет. Ол тілдерді білу өзіміз үшін керек. Дəл сол тілдерді білу арқылы əр адам биік шыңдардан көрінеді. Оқу əр адамның өзі үшін. Ежелде қазақ халқы "өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметтте"-деп, бостан-бос айтпаған. Осы мақалға сүйене отырып, біз мынадай түйін құраймыз: əр елде өзінің тілі, туы, мақтан тұтар əнұраны бар. Сол тілдердің барлығын меңгере біл. Ол өзіңе артық етпейді. Бірақ ең бастысы өзіңнің ұлттық тіліңді ұмытпай, еліңді қорғай білуің міндет. Ағылшын, орыс жəне қазақ тілі қазіргі кезде көп кездесіп, қолданылады. Оларды біз қазіргі кезде маңызды тіл деумізге де болады. Əр тілдің өзіне тəн ерекшелігі бар. Егер оқуға құлшынысың болса, сен əр тілде еркін сөйдей аласың. Сондықтан қазіргі заманда үш тілді білу-міндет деген.