Екі баланың өз пікірлерінізді білдіріздер
1.саған қажет емес ұнамайтын оздеринде бар зат сыйлады дейік сыйлык усынган адамга не айтар един?
көп рахмет
2.сенин досын карандаш та фломастер керек бирак акшан жетпейді не істередин?
мен фломастер алып берер едим
Табиғат – бәрiмiздiң ортақ үйiмiз. Қазiргi кезде табиғат бiзден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың, қаламыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшiн жердi дұрыс пайдаланып, жасыл желек өсiмдiктердi молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза күйiнде болашақ ұрпаққа табыс ету – бiздiң парызымыз.Елiмiздiң экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгiнгi күннiң қажеттiлiгiнен туындамайды, ол ертеңгi күннiң проблемаларына да жауап бередi. Қоршаған ортаның қазiргiдей ауыр жағдайында елiмiздiң келешек иелерiнiң экологиялық сауатын көтеру – бүгiнгi күннiң кезек күттiрмейтiн мәселелерiнiң бiрi.Қазақстанның басты байлығы ол денi сау – бала. Экологиясы бұзылып ауасы ластанған елде денi сау бала дүниеге келе ме? Денi сау баласыз, бiздiң болашағымыз қалай болмақ? Қайың болып өмiр сүргiсi келген ақынның қазiргi ауылындағы қайыңдар аллеясы яғни “Мұқағали саябағы” бой көтерген. Онда қайыңдар көшетi отырғызылып болашақта мәуелi ағаш болып жайқалып, саясында келер ұрпақ таза ауамен тыныстап дем алуға болады. Жас қайыңдарды да ауыл жұрты өздерi отырғызды. Ақынның өзi жоқ болса да ұрпағына қалдырған қазынасы, оны бiз ақынның көзiндей көрiп сақтаймыз.
Әр адамда өзінің көңілді әрі адамды түсінетін досы болады. Дос деген жақсы ғой адамның ең жақсы өмірлік серігі. Дос болсаң берік бол, досына серік бол деген. Досынды бағалай біл достық алтыннан да кымбат. Бұл өмірде бәріміз мәңгілік өмір сүрмейміз. Мына қамшының сабындай өмірде досынды бағала
<span>Менің аты-жөнім Жұмабай Әмина Жеңісқызы. Мен 9 жастамын. Ақтау қаласында тұрамын. Жазғы демалыста ата-апамның ауылына бардым. Олар Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданында тұрады. Оңтүстікте жемістер өте көп піседі. Сол жемістерді жинап, қысқа дайындауға ата-апаларыма көмектестім. Мен ауылда басқа да үй шаруасына көмектестім. Өрік теріп, бұзау айдап, құрт жасап және сиыр сауып үйрендім. Терілген өрікті күн көзіне жайып, қақ жасаймыз. Ауылда жұмыс көп. Мен ауылды өте жақсы көремін. Ауылда адамдар еңбекпен көп шұғылданады. Менің төрт бауырым бар. Олардың жастары менен кіші. Мен ең кіші сүйкімді інім Ахметті жаз бойы қарадым. Ол жеті айлық. Анама бала қарауға, жаялық жууға, үй жинауға жәрдем етемін. Анам - мұғалім, әкем - қызметкер. Олар әрқашан жұмыста, оқуда. Маған анам айтады: «Сен үйдің үлкенісің бауырларыңа мейіріммен қарасаң, олар өскенде саған өте мейірімді болады», дейді. Мен бауырларымды қатты жақсы көремін. Сондай-ақ, маған анам Джеймс Гринвудтың «Өгей шеше» атты кітабын әперді. Кітап маған қатты ұнады, жылағым келді. Себебі, кітап өте аянышты. Өйткені, өгей шеше баланы қатты қинайды, ұрады, тамақ бермей қояды. Бір күні кішкене қарындасын құлатады. Өгей шеше ұрады, бала қашып кетеді. Баланың қиыншылық көргендері суреттеледі. Мен кітапты оқып бітірдім. Міне, біз Ақтау қаласына да келдік. Жазғы демалысым мен үшін өте қызықты өтті. Сабақ басталады, енді сабаққа дайындалу қажет. Мектептегі достарымды сағындым.</span>