1)Ақылдан жақсы дос жоқ,
Ашудан жаман қас жоқ.
2) Əдепті бала арлы бала,
Əдепсіз бала сорлы бала.
3)Жақсы бала сүйек,
Жаман бала күйік.
4)Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіртіп айтады.
5)Жақсымен дос болсан жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа.
Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйете түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келе бермейді. Бұл жағдай әр ғылымның пәніне зерттейтін обьектісіне де, қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне де байланысты болса керек. Қалайда әдебиеттану ғылымында нақтылы анықтама беру, жүйелі түрде талдау, топтап-жіктеуден гөрі, баяндап айту жағы басым келеді де, ғылыми ұғымның терминнің мағыналық шегін бұлжытпай, айнытпай үнемі дәл сақтап отыруға сондайлық мән беріле қоймайды. Ал мұндай жағдай және ғылыми мағынасы әлі толық айқындалмаған "жартылай" терминдердің көп болуы зерттеу жұмысын қиындата түседі.
Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүргенде, кенеттен бір қария оған жерді неге қорлайсың, ол сенің анаң емес пе,- деді.
Бейбіт таңғалып, жоқ менің анам Зейнеп, ол үйде,-деді.
Онда анаңнан сұра, сол түсіндіреді,- деп қария жөніне кетті.
Үйіне келіп, Бейбіт анасынан сұрады. Анасы оған қарияның айтқанының жөні бар, Жер-анадан біз бәрін аламыз, ішетін су, жейтін тағам, яғни адамға керектің бәрі жерден шығады,- деді. Бәрін жақсылап тыңдаған Бейбіт бақшадағы шашқан топырағын жинады.
<span> Балуан Шолақ – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.</span><span>
</span>
Білім" дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы.