1.Оқу – инемен құдық қазғандай.
Дословно: Учиться, что колодец иголкой рыть. По смыслу: учиться можно бесконечно, всего не познать.
2.Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Книга – источник знаний,
Знания – свет жизни.
3. Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
Книга –ученый, учитель без языка (бессловесный учитель)
4. Кісінің көркі киім емес – білім.
Не одежда красит человека, а знания.
5. Күш – білімде, білім – кітапта.
Сила – в знаниях, знания –в книге.
6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
Без учения нет знаний, без знаний нет житья
7.Білім жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.
Джигит без знаний, что цветок без запаха.
8. Жақсы кітап – жан азығы.
Хорошая книга – духовная пища (стимул для духовного роста)
9. Білегі жуан бірді жығады, білімді жауан мыңды жығады.
У кого рука сильная, тот одолеет одного, у кого знаний много – одолеет тысячи.
10.Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
В учении трудно, да плоды учения сладки.
11.Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
Говори не о том, что вычитал,
А о том, что осмыслил.
Мен, ол, біз, сіздер-жіктеу есімдігі.Мынау,бұл-сілтеу есімдігі.
Дүркін-дүркін той жасады, жымың-жымың ету, жік-жік болу, имек-имек шатыр
Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет.
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін!
Әдепті бала арлы бала. Қыздарға әдемілік жарасады. Менің досым әдепті.Сания әдемі боп киінеді