Адамзаттың жақыны
Қарлығаш та ақылды
Көгершін мен екеуі
Жайлайды бір шатырды
Сөзбен сөзді байланыстыратын наверно жалғау
1.В
2. (Оставшаяся буква, просто у меня нет Казахского алфавита)
3.А
4.Б
Ана тілім - ардағым.
Қазақ зиялыларының бірі де бірегейі Мағжан Жұмабаев:"Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу.Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді" деген екен.Шынында да,әр халықтың өз ана тілі олардың баға жетпес байлығы емес пе?
Ана тілім ана сүтімен менің бойыма дарыды.Көз ашып,ес білгеннен бері тек ана тіліммен қоғамды,қоршаған ортамды тани бастадым.Ендігіде ғұмыр бойы ана тіліммен өмір сүріп,онда еркін сөйлей алуым керек емес пе?Мен өз алдыма осындай мақсат қойдым.Себебі,менің ана тіліме деген махаббатым,алғысым шексіз."Қанша тіл білсең,өзгеден сонша кез биіксің" деген дана халқымыз.Алайда,кіндік қаның тамған еліңнің мемлекеттік тілін білуге,құрметтеуге міндеттісің.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім,мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім,мен де бірге өшемін!- деп Ә.Тәжібаев атамыз айтқандай,мен де "ана тілім - ардағым" деп өмірімнің соңына дейін қазақ тілін қастерлеп өтетініме кәміл сенемін.
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.
Шалғайын шалқар маушыған
Бұлт келді, көктем кір кетті.
Топырлап ұрған тамшыдан,
Топырақ иісі бұрқ етті.
Шілде мен тамыз пышаны
Шаң ғана болса,
Қалдырма
Терезелер құшағын
Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.