Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады
Менің сыныбымдағы оқушылардың бәрін жақсы көрем, шын дос ретінде берілген тапсырмаларды бірге орындаймын. Жалпы менің досым көп.
Соның ішінде менің нағыз адал, жандосым бар. Оның аты Баян. Баян екеуміз айырылмас дстармыз. Екеуміздің жұбымыз жазылмайды. Қиын кезде екеуміз бір-біріміздің жанымыздан табыламыз. Баян екеуміз кішкентай кезімізден бері доспыз. Екеуміз мектепке бірге барамыз, сабақты бірге оқимыз.
Екеуміз көрші тұрамыз. Үй тапсырмасын бірге орындаймыз. Менде жоқ кітаптар Баянда бар, Баянда жоқ кітап менде бар. Екеуміз барымызды бір-бірімізден аямаймыз. Менің досым қуанышта да, қайғыда да жанымнан табылады. Менің осындай адалда, шыншыл досымның барына қуанамын.
Баян екеуміз қосымша би үйірмесіне бірге барамыз. Болашақта таңдаған мамандығымызда бір. Екеумізде дәрігер болғанды ұнатамыз. Баян екеуміз кейкезде сөзге келмей қаламыз, сонда да бір–бірімізді ренжітпей кешіре саламыз. Ешқашан қиын жағдайда жалғыз қалдырмаймыз. Мен өз досымның өзіме адал, қиын жағдайда жанымда жүргені үшін мақтан етемін.
1 За доброго человека сто рук
2 Худой человек проживёт свой век
Ағаш көркі жапырақ
Адам көркі шүберек
Адам құлақтан азады
Қонқудан тозады