Мамандықтың түрі көп ~~~~~~~~~~~ ---- ---- ----
Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады, Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт. Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы. Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес. Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді.
Біздің тағдырымыз өз қолымызда!Сибилла Ф.Партридждің жазған «Дәл бүгіннен бастап»атты ерекше де пайдасы орасан зор кеңесін назарларыңызға ұсынбақпын! Массагеттік достарыма да үлкен көмегі тиеді деген үміттемін. Жақсы тілек тілеп,адамдарға жақсылық тілегеннің өзі бақыт екен. Оны тек іштей түсініп, жүрекпен ұғына білу керек. Және де бәрі тек қана шынайы болуға тиіс, бұл жақсылықтың ең бірінші қағидасы. Шынайылықтың шыңы – иманның бастауы болып саналатын –адамгершілікте. Иманымыз бен бойға жиғанымыз кемерінен асып жығылсын, достар! Дәл бүгіннен бастап.... 1. Иә,дәл бүгіннен бастап мен бақыттымын! Дәлірек айтқанда,Авраам Линкольннің «Адамдардың көпшілігі қанша бақытты болғысы келсе, сонша бақытты» деген сөзін басшылыққа аламын. Бақыт дегеніміз-айналамыздағы қалыптасқан жағдайдың нәтижесі. 2. Дәл бүгіннен бастап, мен өзімнің ойымдағы емес,мені қоршаған өмірге бейімделе бастаймын. Мен өзімнің отбасымды, жұмысымды, айналамда болып жатқан жағдайларды дәл сол күйінде қабылдаймын және оған етене араласуға тырысамын. 3. Дәл бүгіннен бастап мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Мен дене шынықтыру жаттығуларын жасап,өз үсті-басыма күтім жасаймын Дұрыс тамақтанамын, өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын. 4. Дәл бүгіннен бастап мен өз ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын. Миымды жаттықтыратын, қозғауға күш беретін кітаптар оқимын. 5. Дәл бүгіннен бастап мен өз-өзімді жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін мен үш нәрсе жасауым керек: мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жаттығу ретінде өзіме пайдалы екі іс жасаймын. 6. Дәл бүгіннен бастап барлық адамға достық ниетпен қараймын. Жақсы жағымнан көрінуге тырысамын. Мүмкіндігінше өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесем, ешкімді сынамауға, ешкімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын. 7.Дәл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмірімдегі проблемаларды бірден шешу мүмкін еместігін есіме сақтаймын. 8.Дәл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, әрбір сағат сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дәл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым да мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман әдеттен – асығыстық пен шешімсіздіктен арылуға мүмкіндік береді. 9.Дәл бүгіннен бастап мен жарты сағат жалғыздықта, тыныш жерде отырып тынығамын, ойларымды қалыпқа келтіруге тырысамын. 10.Дәл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, әдемілікке сүйсінуден, сүюден, сүйікті болудан қорықпаймын. Мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретіндігіне сенетін боламын. Дайындаған: Самал Есқабыл.
<span>Толығырақ: </span>http://massaget.kz/blogs/8698/
<span>Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз</span>
Суретте беріліп тұр. Меніңше, осылай қысқаша жəне түсінікті болады.
Мен акын болсам халыктын Жаксы жаман омир кешимдерин айтар едим бир бирине кадр кымбатты жеткизер едим.Улкенге Курмет такырыбын котерер едим