Хайуанаттар багы онда коп андар бар мысалы зебралар,арыстандар,аюлар,маймылдар,жане баска жануарлар бар. Жане хайуанаттар багы улкен.
Қыс
Ғабиден Құлахмет
Қыс қандай әсем еді, қара, далам,
Бір арман-ақ боз жеккен шана маған.
Ағызып жұлдыздайын
Дүниенің
Не жетсін күніне бір аралаған.
Қар қандай!
Қарып көзді шағылады,
Жамылған тау,
даласы,
бағы-бәрі.
Тоқтау жоқ,
Кедергі жоқ
Аппақ дүние!
Жер үсті аппақ нұрға малынады.
Күн ұзын жапалақтап тынбады қар,
Астында ақ мамықтың тұрғаным бар.
Ақ төсін жайып салып жатыр дала,
Кеудемде сол даланың ырғағы бар.
Қыс
Оңайгүл Тұржан
Ішімде де ақ боран,
Сыртымда да ақ боран.
Көңіл-бұлақ ақ табан,
Ол да қатып тоқтаған.
Үсіп өлді үмітім,
бір жаз бойы сақтаған.
Қарға батып дәрменім,
Мұзға қатып дәуренім,
Кәрі қысты тұр-тұрлап,
Оята алмай әуремін,
Шаңқай жаздан адасып,
Жүрген жалғыз сәуле едім.
Қыс пен жазды жалға тіл,
Көктеміңе бар батыл.
Жасыл-желек қай жақта?
Мұнда тау да, тал да тұл,
Өлеңдерде ақ қырау,
Ой ұшында қар жатыр.

Қыс ата
Әбділда Тәжібаев
Ойының, балам, омбы қар
Демейсің қолым домбығар.
Ақ мамықты ақтара
Қалайсың тынбай ақ қала.
Отырып таудың құзында,
Құлағын тосып ызыңға.
Қыс сақалын тарайды,
Қызыға саған қарайды.
Қарайды да күледі,
Үлпілдек қарды үреді.
Қояды бір дем ысқырып,
Қаласың сонда түшкіріп.
Көрдің бе қарттың мінезін,
Ермегі қазір бір өзің,
Ойынға қандай көңілді,
Серігің болды сенімді.
Үйіріп аппақ құйынын,
Секіртіп ұшқыр тиынын.
Кейде еменді сілкеді,
Төбеңнен қырау бүркеді.
Тебемін десең сырғанақ,
Үскіріп қалып бір қабат,
Жаяды жалтыр көк мұзын,
Сырғанайсың күн ұзын.
Қолыңнан ұстап қыс ата,
Күн бата үйге ұзата
Бетіңнен сүйіп қалады,
Күрсініп дем алады.
Қыс ата неткен пейілді,
Күнімен соқты-ау ойынды.
Алғасын біраз тынысын,
Бастайды түнгі жұмысын.
Қырдағы қыс

Фариза Оңғарсынова
Түнімен долы дауыл құрыстаған
секілді арыстандай жыны ұстаған.
Жамылып ақ көрпесін енді ғана
маужырап байтақ дала тыныстаған.
Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ,
іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ.
Мәз болып жас баладай, айналаға
қарайды әр бұтадан күн жылтырап.
1956
Қырық күн болды қыс кіргелі
Есенғали Раушанов
Қырық күн болды қыс кіргелі,
Ауыр нәубет жетті елге.
Кетіп қалды құстың көбі
Басқа мемлекеттерге.
Ода оқиды қарға таңнан
Мәртебелі кысты ән ғып:
«Мен хан едім арғы атамнан,
Құл еді, - деп, - құс барлық».
Айтсын қарға, десін құзғын,
Сайран етіп кең ішін.
Ерте кеткен есіл күздің
Қырқы бүгін мен үшін.
Қыс пен жаз
Әбділда Тәжібаев
Балқытып гүлді деміне
Сүйді жаз әбден беріле;
Әкетпек еді ұзатып
Өзінің жылы жеріне...
Қызғаншақ қыс келді де
Сілтеді суық қанжарын.
Жас жігіт қыршын өлді де
Қалдырып кетті жан жарын.
Құтырган шал құмартты,
Қызыға сүйді жас гүлді.
Бойына нәзік мұз қатты,
Үгілді гүл, төгілді.
1955
Қыс
Абай Құнанбайұлы
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Қыс келген күні
Мұқағали Мақатаев
Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, ңар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,
Асып анау асқар-асқар таулардай,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.
Қыс жетіпті,
Сол баяғы кезіндей,
Қуырып жүр дүниені көз ілмей,
Күн нұрынан еш жылылық сезілмей,
Әйнектенген маскүнемнің көзіндей.
Шуылдаған шау қарғадай жар салып,
Сәбилер жүр кәрі атасын қарсы алып.
Махаббаттан ұмыт қалған ұстаз қыз,
Терезеге қарап отыр тамсанып.
Терезеге қарайды да, тамсанып,
Мұңая ма, қуана ма ән салып?!
Жібір емес терезеге қатқан мұз,
Жылуымен жылытса да қаншалық.
Аттанасың аяқтамай арманды,
(Рас екен жалған десе, жалғанды!)
...Қыз жанарын оқулыңқа аударды,
Шешпек болып көп белгісіз сандарды...

Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.Бір жолы Жаңа жыл кешінде неше түрлі тағам түрін дайындап, дастарқанға толтырып қойып жатқанымда ата үстелді көзімен бір шолып қарап: «Балам, бұдан кейін қандай дастарқан жасасаң да, дастарқанға алдымен нан қоюды ұмытпа!» – деді. Мен сонда жастығым ба, абайламай өзімның дастарқанға алдымен нан қоймаған қателігімді мойындап, екінші қайтып қайталаған жоқпын. Өмір бойы ұмытпадым да. Менің сол кезде жіберген қателігімді қазір жиі әрі кез келген жерде кездестіруге болады. Қандай қонаққа барсақ та, мейрамханаларда болсын емен үстел майысып, тіпті бұрын көрмеген тағамның түр-түрі тұрғанымен, нанды соңынан әкеліп жатады. Кейбір адам қонаққа шақырып отырып «ойбұй, нан қоюды ұмытыппыз» деп жатады, яғни нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз. Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз, үйіңізге ырыс кірсін десеңіз, отырған адамдардың ықылас-пейілі өз шаңырағыңызға аусын десеңіз алдымен дастарқаныңызға нан қоюды ұмытпаңыз. Өйткені жай нанның өзінде пенделердің көзіне көрінбейтін адамдарды тартатын қасиет бар.