Қыс қандай әсем еді, қара, далам, Бір арман-ақ боз жеккен шана маған. Ағызып жұлдыздайын Дүниенің Не жетсін күніне бір аралаған. Қар қандай! Қарып көзді шағылады, Жамылған тау, даласы, бағы-бәрі. Тоқтау жоқ, Кедергі жоқ Аппақ дүние! Жер үсті аппақ нұрға малынады. Күн ұзын жапалақтап тынбады қар, Астында ақ мамықтың тұрғаным бар. Ақ төсін жайып салып жатыр дала, Кеудемде сол даланың ырғағы бар.
Қыс
Оңайгүл Тұржан
Ішімде де ақ боран, Сыртымда да ақ боран. Көңіл-бұлақ ақ табан, Ол да қатып тоқтаған. Үсіп өлді үмітім, бір жаз бойы сақтаған. Қарға батып дәрменім, Мұзға қатып дәуренім, Кәрі қысты тұр-тұрлап, Оята алмай әуремін, Шаңқай жаздан адасып, Жүрген жалғыз сәуле едім. Қыс пен жазды жалға тіл, Көктеміңе бар батыл. Жасыл-желек қай жақта? Мұнда тау да, тал да тұл, Өлеңдерде ақ қырау, Ой ұшында қар жатыр.
Қыс ата
Әбділда Тәжібаев
Ойының, балам, омбы қар Демейсің қолым домбығар. Ақ мамықты ақтара Қалайсың тынбай ақ қала. Отырып таудың құзында, Құлағын тосып ызыңға. Қыс сақалын тарайды, Қызыға саған қарайды. Қарайды да күледі, Үлпілдек қарды үреді. Қояды бір дем ысқырып, Қаласың сонда түшкіріп. Көрдің бе қарттың мінезін, Ермегі қазір бір өзің, Ойынға қандай көңілді, Серігің болды сенімді. Үйіріп аппақ құйынын, Секіртіп ұшқыр тиынын. Кейде еменді сілкеді, Төбеңнен қырау бүркеді. Тебемін десең сырғанақ, Үскіріп қалып бір қабат, Жаяды жалтыр көк мұзын, Сырғанайсың күн ұзын. Қолыңнан ұстап қыс ата, Күн бата үйге ұзата Бетіңнен сүйіп қалады, Күрсініп дем алады. Қыс ата неткен пейілді, Күнімен соқты-ау ойынды. Алғасын біраз тынысын, Бастайды түнгі жұмысын.
Түнімен долы дауыл құрыстаған секілді арыстандай жыны ұстаған. Жамылып ақ көрпесін енді ғана маужырап байтақ дала тыныстаған. Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ, іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ. Мәз болып жас баладай, айналаға қарайды әр бұтадан күн жылтырап. 1956
Қырық күн болды қыс кіргелі
Есенғали Раушанов
Қырық күн болды қыс кіргелі, Ауыр нәубет жетті елге. Кетіп қалды құстың көбі Басқа мемлекеттерге. Ода оқиды қарға таңнан Мәртебелі кысты ән ғып: «Мен хан едім арғы атамнан, Құл еді, - деп, - құс барлық». Айтсын қарға, десін құзғын, Сайран етіп кең ішін. Ерте кеткен есіл күздің Қырқы бүгін мен үшін.
Қыс пен жаз
Әбділда Тәжібаев
Балқытып гүлді деміне Сүйді жаз әбден беріле; Әкетпек еді ұзатып Өзінің жылы жеріне... Қызғаншақ қыс келді де Сілтеді суық қанжарын. Жас жігіт қыршын өлді де Қалдырып кетті жан жарын. Құтырган шал құмартты, Қызыға сүйді жас гүлді. Бойына нәзік мұз қатты, Үгілді гүл, төгілді. 1955
Қыс
Абай Құнанбайұлы
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Қыс келген күні
Мұқағали Мақатаев
Тысқа шықсам, Күн шыңылтыр, ңар жауған. Ызғар, аяз атырылып бар маңнан, Асып анау асқар-асқар таулардай, Қыс жетіпті тонын теріс аударған. Қыс жетіпті, Сол баяғы кезіндей, Қуырып жүр дүниені көз ілмей, Күн нұрынан еш жылылық сезілмей, Әйнектенген маскүнемнің көзіндей. Шуылдаған шау қарғадай жар салып, Сәбилер жүр кәрі атасын қарсы алып. Махаббаттан ұмыт қалған ұстаз қыз, Терезеге қарап отыр тамсанып. Терезеге қарайды да, тамсанып, Мұңая ма, қуана ма ән салып?! Жібір емес терезеге қатқан мұз, Жылуымен жылытса да қаншалық. Аттанасың аяқтамай арманды, (Рас екен жалған десе, жалғанды!) ...Қыз жанарын оқулыңқа аударды, Шешпек болып көп белгісіз сандарды...
1 шығармаларының белгілі , нықты авторы жоқ 2 шығармалар аузша тарау арқылы өзгерістерге ұшыраған 3 бір шығармада əн де , айтыс та ,жұмбак , баяндау да кездесу мүмкін
Мұнар, мұнар, мұнар күн
О, смутные, смутные, мутные дни…
Мрачнея, подернуты тучей они.
Молодые верблюды споткнулись о лед,
Самцы в - холощёных обращены.
Батыры любимые счастьем всегда,
И проблеска счастья теперь лишены.
Верблюды, идущие некогда в паре,
Теперь отвязались и бродят одни.
Вон нежные девы на крупы коней
Закинуты словно добыча войны.
Порублены воины, крики и вой,
Изрезаны вьюки жестокой рукой.
Сундук, что был полон золотом весь,
Валяется ныне, разграблен, пустой.
О, господи, сделай всё сном,
Этот день проклятый стал днем,
Когда умер батыр Исатай,
Когда смутой охвачен стал край.
Когда стрелы летели дождём,
Когда лунь с перебитым крылом
Не смог уж взлететь в небеса.
Когда знамя плеща на ветру,
Свернулось, забыв про игру.
Когда волк, прирученный тобой,
Свой ошейник в пыли потеряв,
Превратился в дворового пса.
Когда в степи нам скакуна,
Как не ищи, уж не сыскать.
Когда поднялся с Аркаулы
Свирепый северный буран,
Не видно стало вдруг ни зги.
Когда услышав издали,
Как рухнул тополь-байтерек,
Возликовали в раз враги.
-Сәлем, достым, сен Наурыз мерекесі жайлы не білесің? -Сәлем, бұл бізге ата - бабамыздан қалған ұлы мереке. Бұл біздің халқымыз үшін жаңа жылдың басталуы. - Осы мереке жайлы тағы қандай қызықты мәлімет білесің? - 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Халықтың айтуынша, күннің ауын бірінші түйеге мінген тышқан көрген. Сондықтан жыл санау тышқан жылынан басталады екен. - Қандай қызықты мәлеметтер, жарайсың!
Мектеп. Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Мен де 7 жасымда мектепке келдім. Алғаш мектеп табалдырығын аттасымен достарым көбейді. Менің мектебім үш қабатты, әсем ғимарат. Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы бар.Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін..Маған үлгі тұтарлық ұстаздар білім береді. Олар менің жарқын болашағымның болуының көмекшілері. Мен мектебімді ұнатамын!
-Асель, сен қазақ өнері, қазақ музыкасы жайлы не білесің? -Менің сүйікті өнерім домбыра шерту. Сондықтан қазақ өнерінің қалаушыларының бірі Құрманғазы жайлы айтайын.Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған "Балбырауын”,  "Сарыарқа”,  "Кішкентай”, "Көбік шашқан”,"Серпер”,"Алатау” және тағы басқа күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаев қазақтың аспаптық музыкасының басты бір саласының негізін қалаушысы. Басқа да халық мәдениеті саласының көрнекті өкілдері сияқты, Құрманғазының шығармашылығы да, өмірі де сол өзі өмір сүрген заманның тарихи –көркемдік шежіресі болды. Ал сен не білесің? -Ал маған айтыс ұнайды және ең жақсы көретінім - Біржан мен Сара айтысы. Олар біздің халқымыздың үлгісі.«Біржан – Сара» айтысы құрылысы жағынан да, түрі мен мазмұны жағынан да салт айтысының ең биік шыңы болып табылады.Осы күнгі айтыстар жаңа заманға лайық сөз саптауымен, тақырыптық жаңалығымен, жарасымды әзіл-қалжыңмен ерекшеленеді. Айтыстың арқасында біз өзімізді өнері мол халық ретінде таныта аламыз!