Объяснение:
Алдымен,музейдегі қолжазбалар мен ескерткіштер туралы айтамын.Одан соң,олардан алған әсерімді айтамын.Кешегі күн осылай өтті
1-1 бөлек
2-3 бөлек
3-2 бөлек
Азақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;
біріккен сөздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан, итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.;
тіркес сөздер: келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.
Есептеуіш құрылғы,салмағы,үкімет орындары,мәлімет қоры,ақпараттық құрал,қажеттілігін
Менің сүйікті мамандығым - дәрігер.
Өмірде әрбір адам өзі қалаған мамандықтың иесі атанғысы келеді. Әрқайсысы жанына жақын маман иесі болады. Таңдаған мамандық адамның қиялына қанат бітіріп, оны зор табыстарға жетелейді. Қазіргі қоғамда көптеген мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Мен қалаған сондай мамандықтардың бірі әрі бірегейі - дәрігер болу. Дәрігерлік қай кезде де өз биігінен түскен емес. Адамның өмірін ажалдан арашалап алу - дәрігердің басты мақсаты. Дәрігерлер адамдарға өмір сыйлап, олардың қауіпті ауруларға душар болмауын қамтамасыз етеді. Көпшіліктің зор алғысына бөленеді. Сондықтан, мен медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамда кеңінен таралған дерттердің алдын алып, халықтың денсаулығының мықты болуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, адал қызмет етуді қалаймын. Жанарынан мейірім нұры төгілген ақ халатты абзал жан атану үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен осы мамандықты толықтай меңгеріп, ел халқының әл-ауқатын арттыруды мақсат етемін. Себебі, елдің дамуында оның тұрғындарының денсаулығы аса зор маңызға ие. Болашақта білікті де білімді дәрігер болып, халықтың денсаулығын жақсартып, толағай табыстарға, мол жетістіктерге жетіп, Отанымның кемел келешегінің өркендеуі үшін өз үлесімді қосамын!