"2013 жылғы қаңтарда банк жариялаған сатып алу туралы АҚ "Хоум Кредит Банк" ақ-Қазақстанда, сондай-ақ кіреді - тобы Home Credit B. V.. Хоум Кредит Банкі директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады — Иржи Шмейц басқарма төрағасы Юрий Андресов. Банк Хоум Кредит белсенді жоғарлату бойынша жұмыс істейді, халықтың қаржылық сауаттылығын. Осы бағдарламаны іске асыра отырып, 2008 жылдан бастап, банк сарапшылардың шеберлік сыныптары. Банк Хоум Кредит нарығында белсенді жұмыс істейді бөлшек банктік қызмет көрсету."
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету. Байланыстырып, жүйелі, мазмұнды әңгімелеуге қалыптастыру. Сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, сөйлемдерді дұрыс құрып, өз ойын айқын, дәл жеткізуге үйрету. Сауатты, көркем жазуға төселдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Қолымызды созайық.
Қағып - қағып алайық
Бойымызды жинайық
Көркем етіп жазайық!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Бес жолды өлең оқу.
- өткен тақырыпты еске түсіру.
- сұрақтар мен тапсырмалар.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) - Балалар жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістерді байқадыңдар?
Көркем жазу минуты (әріптің жазылуын түсіндіру)
К
к
Көрікті көктем келді.
1 - жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме жазу.
Тірек сөздер: жеңіл киім, бүршік, ұя, ағаш, құстар, қар, су.
2 - жаттығу. Жасырын сөздерді тауып, өлеңді оқу.
(Көктем келді) күлімдеп,
(Жердің беті) құлпырып.
(Күннің көзі) шуақты,
(Жылғалардан) су ақты.
Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім
Осыдан бәрі басталады
Мынау менің басым
Осы бәрін басқарады
Менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
1, 2, 3 біз жинаймыз күш.
3 - жаттығу. Әр қатар өздеріне берілген сурет бойынша жұмбақ құрастырады.
1 - қатар. Күн
2 - қатар. Гүл
3 - қатар. Мұз
4 - жаттығу. Тақтамен жұмыс.
Ұлттық ойындар: асық, арқан тарту, алтыбақан, қыз қуу, күрес.
Ұлттық киімдер: камзол, кимешек, сәукеле, тақия, ішік.
Ұлттық тағамдар: наурыз көже, ет, жент, қазы - қарта, жал - жая, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат.
Бекіту.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Көктемнің алғашқы мерекелерін ата.
<span>Үйге: Көктем тақырыбы бойынша бес жолды өлең құрастыру</span>
Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Туған жер табиғаты халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны аялап қорғауға үлес қосу бiздiң азаматтық борышымыз.
Құрметті оқушылар! Оқушылар арасында шахматтан сайыс өтеді. Болатын уақыты 22 ақпан сағат 14:30 да. Көрем деушілерге есiк ашык!