Талапкер түбірі талап -кер жұрнақ
Жексенбi.
Жексенбі, бәлкім, менің ең сүйікті күнім. Бұл күні мектепке барудың қажеті жоқ, сондықтан көп ішуге болады. Мен ұйықтап, төсектен тұрып, жуып, жаттығу жасаймын. Анам әрқашан менің сүйікті құймақ немесе құймақ дайындады. Ол әрқашан демалыс күндері мені дәмді таңғы аспен қуантады. Таңғы астан кейін мен анама үй істерін жеңуге көмектесемін немесе біз дүкенге барамыз. Әкем әдетте жексенбіде өз істерімен айналысатын гаражда жоғалады. Күн бойы достармен аптасына бір рет өткізе аламыз, сондықтан біз осы күнді асыға күтеміз
Шапқан озар, жатқан қалар. Бегущий обгонит, лежащий отстанет. Iздеген табады, сұраған алады. Ищущий находит, просящий получает. Өлімнен басқаның бәріне асық. Кроме смерти всюду спеши.
ТУҒАН ЕЛІМ
Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!
Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!
Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!
Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!
Бәкір Тәжібаев
Бұл жай сөйлемнің түрлері жəне мысалдары.
Жақты сөйлем-бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем түрі.Мысалы:Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен т.б.
Жақсыз сөйлем-баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем деп атайды.Мысалы:Менің айтқаным келді.Бір жерде көргенім бар т.б.
Жалаң сөйлем -тұрлайсыз мүше қатыспаған сөйлемді атайды.Мысалы:Ойын қызық.Үй жылы.Қарағың келеді т.б.
Жайылма сөйлем-тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді атайды.Мысалы:Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді т.б.
Толымды сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемді атайды.Мысалы:Шашубай мерген еді.Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді т.б.
Толымсыз сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшесінің біреуі түсіп қалған сөйлем түрі.Мысалы:Қарлығаштар тағы келді.Қайта-қайта келе берді т.б.
Атаулы сөйлем-кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек заттың,құбылыстың,мезгілдің,мекеннің атауын ғана білдіреді ондай сөйлемдер атаулы сөйлем деп аталады.Мысалы:Дала.Егін даласы рақат құшағында т.б.