Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
Может жай 5 салалас курмалас сойлем салалас болып и курмалас болып болинбейдигой сабактас курмалас салалас курмалас аралас курмалас сойлем болып болинеди
. Сыйласу екі кісіге бірдей.
(Дружба крепка взаимностью).
2. Татулық – табылмас бақыт.
(Дружба – богатство бесценное).
3. Достық жоқ жерде табыс жоқ.
(Где нет дружбы, там нет успеха).
4. Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
(Жить без друзей, что есть пищу без соли).
5. Досың көп болса, жолың да ашылады.
(Друзей много – шире дорога).
6. Дос құшағы – жаз.
(Объятия друга – лето).
7. Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.
(Дерево крепко корнями, человек – друзьями).
8. Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады.
(Малую беду еда подавляет, большую – друг).
9. Тiстем нанның қадiрiн тарыққанда бiлерсiң,
Анық достың қадiрiн зарыққанда бiлерсiң.
(Цену куска хлеба в голод узнаешь,
Цену настоящей дружбы в беде узнаешь).
10. Мың жолдас жақсы, мың жолдастан бiр дос артық.
(Тысяча товарищей – хорошо, но один друг лучше).
ПОСЛОВИЦЫ О ЕДЕ
1. Нан болса, ән де болады.
(Будет хлеб – будет и песня).
2. Жұмыс ауыр болса да нан тәттi.
(Трудна работа, да сладок хлеб).
3. Жақсы еңбектенсең – ауызың нанға тиеді,
Ерiнiп еңбектенсең – ауызың тасқа тиедi.
(Поработаешь усердно – губы к хлебу прикоснутся,
Поработаешь лениво – губы к камню прикоснутся).
4. Нан – тамақтың атасы.
(Хлеб – отец всей пищи =Хлеб – всему голова).
5. Аштық ас талғатпайды.
(Голод еду не выбирает).
6. Ас – адамның арқауы.
<span>(Еда человеку силу даёт). </span>