Аю, қасқыр, түйе, түлкі төртеуі өздерінше достасып, өздерінше өмір сүріп көріпті. Жұбын жазбайтын достар бірде ұзақ сапарға шығады. Әлде қарны ашты ма, әлде бұрыңғы әдеті бойынша достарын алдағысы келді ме екен, бірде... Түлкі: - Осы Түйені жесек қайтеді? – деді. Қасқыр: - Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой! Түлкі: - Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді. Түлкі: - Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, - дейді сыбырлап, Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады. Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып; - Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, - дейді. Түйе: - Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе. Түлкі: - Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе? Етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды. Түйе: - Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім? – дейді. Аю, Қасқыр және Түлкі Түйені союға кірісті. Қасқыр мен Түлкі ішек-қарнын тазалайды. Шыдамсыз Түлкі бір ұзын ішекті жұтып жібермекші болады. Қасқыр: - Жеме, Аю ұрсады. Әйтсе де, Түлкі қасқырдан көзін аша бере әлгі ішекті қылғытып жібереді. Ішектің жоқ екенін Аю сезіп қойып: Аю: - Ішек қайда? Деп ақырады. Түлкі: -Қасқыр жеп қойды! – дейді Аюдан қорыққан қу Түлкі, өтіріктен - өтірік. Аю қасқырға тап береді. Қасқыр тура қашады. Олар ұзап кеткен кезде Түлкі Түйенің етін түп – түгел жым-жыластығып үлгереді. Қасқырға жете алмай, қайта оралған Аю ептігін баса алмай: Аю: - Ет қайда? - деп қаһарлана гүж ете түседі. Түлкі: - Өзің бәрін алып кеттің ғой. Есіңде жоқ па? – дейді Түлкі беті бүлк етпестен. <span>Жоқ. Мен әкеткен жоқпын!- деп Аю айта алмайды. Сөйтсем, сөйткен шығармын, тыққан жерімді ұмытып қалғаным ба? Қап, әттеген – ай, Ә! – деп ойлайды. Ал Түлкі болса, бір Түйенің етіне жалғыз өзі ие болып, қулығын асырады.</span>