5 задание. Напиши в тетрадь перевод слов из текста выделенные черным. Скажи антонимы этих слов.

Шұбат — түйе сүтінен дайындалатын сусын. Шұбатты бір қорландырып алады да, одан әрі ешқандай ашытқысыз ашыта береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытқан. Ол бір тәулікте өз бабына келеді. Шұбатқа арналған торсықты түйе мойнағынан жасайды. Шұбат ашытқаннан кейін, оны адамға берер алдында шайқап, көпіршігін жақсылап араластырып ұсынады. Түйе сүті, бұл түлік суды аз пайдаланғандықтан, майлы болып келеді. Қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499-528 ккал болса, шұбатта 789-991 ккал болады. Шұбат құрамында май, әр түрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Шұбатты Маңғыстау обл. Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған.
Түйе сүтiнiң химиялық құрамы: 86,5 пайызы судан, 14,5 пайызы құрғақ заттан тұрады. Оның iшiнде сүттiң майлылығы — 5,0, белок — 3,6, казеин — 2,8, альбумин — 0,6, глобулин — 0,2, минералды заттар — 0,9 пайыз. Әсiресе, қос өркештi қазақ түйелерiнiң сүтi емдiк қасиетiмен құнды саналады. Аруаналардың сүтiнде майлылық 4,9 пайыздан 6 пайызға жетедi, ал, белок 3,9 пайыздан кем емес. Сүттiң белогы мен майлылығының тепе-теңдiгi шұбаттың құнарын арттырады. Амин қышқылының құрамы да жеткiлiктi.
Түйе сүтінін ұдайы пайдаланғанда ішкі мүшелердің қызметін реттеп, адамды семіртеді. Қазақ емшілері түйе сүтін науқастарды емдеуге қолданады. Жасы ұлғайған қарттарға, ауру салдарынан дене қуаты төмендеген науқастарға бір мезгіл шұбат ішкізеді. Шұбатты ішкен соң адам денесі балбырап терлейді, ұйқысы жақсарады, сергиді, біртіндеп семіреді. Шұбатқа қоса бағлан етімен сорпалану да жақсы әсер етеді.
Сағат тоғызда таңғы ас ішеді
<span>Барлық балалар мектепке баруы керек. Бiз мектепте ғылым үйренемiз. бұдан әрi өмiрдi бiзге қай понядобятсялар, сонымен бiрге қоғамдағы өзiн хабар оқимыз. Мектеп - бұл қайғыру, қуаныш, Достық, бiрiншi махаббат. Мектептiң оқушысы үшiн свом кiшкентай әлем болып қалыптасады. Мұғалiм - дәл осылай сонымен қатар балабақшасындағы тәрбиешiлерi. Жаңа тақырыптарды шыдамды ұғындырады, кейде балағаттайды, бiрақ мейiрбан қорытып айтқанда жиiрек көмектеседi және кеңеспен. Анығында, бұл туралы өмiрiнiң мерзiмi мектептегi кiлегейлен айтуға болмайды бiздiң балалық шақты өтетiн мектеп</span>
<span>Менің туған қалам Қарағанды қаласы. Қарағанды қаласы Қарағанды облысының әкімшілік орталығы. Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Алып жатқан жерінің аумағы (577км²) жағынан республикадағы ең үлкен, халқының саны бойынша (423,7 мың адам 2003) төртінші (Алматы, Астана, Шымкенттен кейін) қаласы.1932 жылы оның халқы 70 мың болса, 1989 жылы 507,3 мың адамға жетті. Петропавл-Шу темір жол станциясы, әуе, автомобиль қатынасының маңызды торабы. <span>Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Сарыарқының ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналас-қан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, боранды, жазы ыстық, құрғақ, аңызық желді. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. Қала шегінде күңгірт-қоңыр топырақ тараған. Қараған, тобылғы, әр түрлі шөп, сұлыбас, т.б. дала белдеміне тән өсімдіктер өседі.<span>Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н.Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған. 1856-87 ж. Мұнда 303 мың тонна көмір өндірілді. 1899 жылы Рязановтың мұрагері кен орнын француз концессионері Карноға сатты. 1907 жылы кен орны ағылшын концессионерлерінің қолына көшті. 1899-1920 жылдар аралығында 815 мың тонна көмір өндірілді. Қазан төңкерісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 ж. жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыс-көмір» тресі құрылды.Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағанды ірі көмір өндіру орталығы пайда болды.Оны Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті.Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті.Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салында.2-дүние-жүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, темір жол көлігін көмірмен үздіксіз қамтамасыз етті.Кеңес өкіметі жылдары Қарағандыда өнеркәсіп саласыкеңінен дамыды.</span></span></span>