Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлық экспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
Мен билеуді үйреніп жүрмін
Менің анам қазақ тілін біледі
Менің нағашым орысша жақсы сөйлейді
Менің жиенім ағылшын тілін біледі
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі
Жолға шықсаң сайлан,
Бес қаруыңды байлан.
Эсссе
Астана біздің жүрегіміз ,Себебі юіз Астанамызға əрең адалдықпен қол жеткіздік.Тəуелсіз ел болу оның бəрі қиын. Ал астана тəуелсіздік алғансоң біздің астанамызға айналды. Қазіргі Астанамен Бұрнғы астана ны салыстыру тіпті мүмкін емес.Астанаға азғана жылдар өтседе керемет дамыған Астана болып кетті.Астана-əлемге танылған ең жас қалалардың бірі.Тіпті шетел адамдары астананы көргенде таңғалады екен.Ал осының бəріне көп үлес қосқан біздің призеденттіміз.Ендігі мақсатымыз Қазақстанды 50 дамыған елдің арасына қосу.Сонда біз ең керемет ел ,ең керемет астанасы бар ел атанамыз Астана-біздің байлығымыз.Астана-Жас қала.Біздің мəңгі байлығымыз
1.Шахматты 2 ғана адам ойнай алады.
2.Әр адамда король,ферзь,ладья,піл,ат юәне пешкалар бола алады.
3.Ладья горизонталь жане вертикаль аркылы козгала алады.
4.Ат тек кана диагональ аркылы жылжи алады.
6.Ат фигуралардын устинен секырып кетуы мумкин