Мен қыста ойын ойнағанды жақсы көремін.Мен далада шана, коньки шанғы тебіп ойнаймын. Қыста біз достармен аққала жасаймыз.
Түр түрі гүлдер көрдім.Гүлдер əдемі иысі кушті.Алдында анама гүл сыйлап берді.Кеше мен бір гулді көрдім өте əдемі.Гүлдерді аналарға,əпкелерге,əжелерге,қыздарға сыйлайды.Бір адам гүлді жаксы көрсе,біреулер жақсы көрмейді.Əдемі гүлдер көп.
Түйе
Қазақ халқы – күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған.
Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы – түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағаланған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі. Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе, түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел.Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.
Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады.
Жыл сайын Жеңіс Күні мейрамында мәңгі алау жанында мерекелік шаралар өткізіледі.