Тасман Беллинсгаузен Веспуччи
<span> Менің мектебім.
Менің атым ...... Мен ............сыныпта оқимын.Біздің мектебімізге ..... жыл.Жуырда біздің мектептің туған күні. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым үшінші қабатта, іші кең,жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам, бізге көп жақсы нәрсеге үйретеді.Мектепте көп жаңа дос таптым. Маған мектебім ұнайды. Мен мектебіме өркендеуін тілеймін.
Вместо точек: 1) имя
2)класс первый ,второй
3) сколько лет твоей школе,20.30 и так далее</span>
(1846-1946)
Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді.
Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас,Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны аталады.
Бұл айтыстарда ақын қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын
жоқтайды.
1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл патшаның соғысқақазақтан қара жұмысқа адам алу жарлығына қарсы шығып, өлең - жырлар шығарады.
Жамбылдың шығармашылық өрлеу дәуірі жасы 70-тен асқан соң, кеңес өкіметі қамқорлығы арқасында ашылады.
Жамбыл есімі Одаққа кең жайылып, Кеңес Одағындағы әрбір маңызды оқиға мен қол жеткен жетістік оның жырларына арқау болады.
1936 жылы Жамбыл Москвада өткен қазақ өнерінің онкүндігіне, 1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің туғанына 750 жыл толу тойына қатысады. КСРО Жоғары кеңесінің президиумы Жамбылдың халық поэзиясын өркендетудегі еңбегін айрықша бағалап, оны "Еңбек Қызыл ту", "Ленин" орденімен марапаттайды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл өлеңдері кеңес жауынгерлерін, халқын жауды жеңуге жігерлендірді. Ол ең жоғарғы сыйлық - Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Жамбылдың "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" аталатын дастандарында халық үшін еміренген, еліне қамқор, пана болған халық батырларының ерлік, адамгершілік бейнесі өрнектелген.