(про Флаг)Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Анна мектепте қазақ тілі үйірмесіне қатысады. Үйірмеде олар қазақ тілін терең үйренеді. Ақын - жазушылардың шығармаларымен танысады. Анна "М. Мақатаев оқуларына" қатысты. Ол ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан бірінші орын алды.
А.кім? не? I.кімнің?ненің?-ның, -нің,-дың, -дің,—тың, -тің-ның, -нің-ның, -ніңБ. кімге? неге?—ға, -ге, -қа, -ке,-а, -е-на,-неТ.қайда?кімді? нені?-ны, -ні, -ды, —ді,-ты, -ті,-ды, -ді-нЖ.кімде? неде?қайда?-да, -де, -та,-те,-да, -де,-нда, -ндеШ.кімнен?неден?қайдан?-нан, -нен,-дан.-ден, -тан,-тен-нан, -нен-нан, -ненК.кіммен?немен?қалай?-мен, -бен, -пенмен-мен
1)Ақылдан жақсы дос жоқ,
Ашудан жаман қас жоқ.
2) Əдепті бала арлы бала,
Əдепсіз бала сорлы бала.
3)Жақсы бала сүйек,
Жаман бала күйік.
4)Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіртіп айтады.
5)Жақсымен дос болсан жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа.