Сəлем ағайтай!Қалың қалай?Қарның ашып жүрген жоқ па?Ол жақта тамақты уақытылы бере ме?Ауырып қалған жоқсың ба?Ағайтай үй ішін айтатын болсам,анам үйде ылғи сені ойлап,дұға жасайды.Ал əкем сенің үйге келгеніңді күтіп жүр.Мен сені қатты сағындым.Бірақ жақында өзіңде келесің ғой!Əскерде өз міндетіңді жақсы орындап шық!Бізге уайымдама)Менің қалым жақсы,сені күтіп,сағынып жүрмін.Үйге тезірек келсең деп тілеймін!Сау бол ағатай!Ауырма!жылы киініп жүр.Тамақ іш.Сау бол!
Тойладык,тойлап турмыз,тойлаймыз.
-Сәлем!
-Сәлем!
-Сен қайда бара жатырсың?
-Мен биология сабағына баражатырмын. Биология- менің сүйікті пәнім.
-Түсінікті. Ол пән саған несімен ұнайды?
-Маған жануарларды, өсімдіктерді және адамды зерттеген ұнайды. Ал сенің сүйікті пәнің қандай?
-Менің сүйікті пәнім-тарих. Мен біздің өткенімізбен, бабаларымызбен, хандармен қызығамын. Мен де қазір сол сабаққа баражатырмын. Кешікпейін,сау бол!
-Сау бол!
"Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Ответ:
Жаз келді, күн жылынды.Біз отбасымызбен бірге жайлауға көштік.Әкем киіз үй тігуге кірісті.Анам самауырын қайнатып ,мол дастарқан жайды .Дастарқан басында бәріміз бірге қымыз ішіп, әңгіме -дүкен құрып отырдық.Содан кейін мен өзенге шомылуға бардым.Жайлаудың табиғаты тамаша, ауасы таза.Айнала жасыл шөп, даланың әдемі гүлдері өсіп тұр.Көлде аққулар қалқып жүзіп жүреді.Жайлауда жылқылар жайлып жүр.Мен атқа мінгенді ұнатамын.Мен әкеме қой бағуға көмектестім.Жайлауда маған өте ұнады.
Объяснение: