Қазақ елі мен жері ұлан байтақ. Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9 орында екені бізге мәлім. Пайдалы қазбалары да өте көп мол. Бүгінгі күнде дамыған, әлемге әйгілі мемлекет. Міне, Тәуелсіз Мемлекет атанғанына биыл 25 жыл толып отыр. 25 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл үлкен – жетістік. Әрине, бұның бәрі елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке – ағамыздың қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бұл бостандықты халқымыз бұрыннан тілеген. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аламапты, «Кіші қазан» төңкерісі, Қабанбай, Бөгенбай, Исатай мен Махамбет көтерілістері, осы азат күн үшін күрескен. Осы көтерілістерден кейін енді ғана есімізді жиып келе жатқанда, Ресей бодандығына кірдік. Одан көрмеген азаптарымыз қалды ма? Тіптен тіліміз бен дініміз жойылып кете жаздады. Қаншама халық аштықтан қырылды. Дәл осы кезде Германия Ұлы Отан соғысын ашты. Бар жиған – тергенін, азық – түлігін халқымыз, майданда жүргендерге берді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін, қанша Ресей бодандығында болсақта, есімізді жиып, Сәбира, Ляззат, Қайрат сияқты жау жүрек батырларымыз Тәуелсіз мемлекет болуымыз үшін қайтадан көтеріліске шықты. Осы әпке – ағаларымыздың арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні болып жарияланды. Осы жылы 1 желтоқсан күні Президентіміз сайланды. Осыдан 21 жыл бұрын егемендігіміз жарияланды. Ата – бабамыз сан ғасырлар армандаған арманға қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, қазақ халқының басын біріктіріп, ел қылуға Елбасымыздың үлесі зор. Қанша айтқан мен Ол кісі біздің Тұңғыш Президентіміз. Атамыздың арқасында еліміз елге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Елін көркейтті, экономикасын дамытты, саясатын жақсартты. Құрып кетуге шақ қалған, діні мен тілін, салт – дәстүрін қайта жандандырды. БҰҰ – на мүше болды, ТМД - ға кірді. Қазақ елін айтқанда, Сарыарқаның төсіне көшіп келген бас қаламыз - Астананы қалайша ескертусіз қалдырамыз? Биыл астанамыз Астана болғанына 14 жыл толды. Қазіргі Астана бұрынғы Целиноград емес. Өте әдемі, көркейген қала. Астана қаласына келген қонақтарымыз, жас қала Астананы көргенде таң қалады. «14 жыл ішінде қалайша тез көркейіп, жақсардыңыздар?» - деген сұрақтар көп туындайды. Кейбір елдердің президенттері: «қазақ елі, өзге мемлекеттерге үлгі болатын ел» деген екен. Тіпті, қазақ елінің жастары үшін көптеген университет, колледж, лицейлер ашылды. Дүние жүзіндегі ең үздік университеттердің қатарына біздің еліміздегі, Алматы қаласындағы Әл - Фараби атындағы университет пен Еуразия Ұлттық Университеті кірді. Бұл Университет Астана қаласында салынған. Жастарды «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға жіберілуде. «Дипломмен ауылға» атты шарасы іске асырылуда. Астана қаласын ОБСЕ, Саммит, Азия ойындары өтті. 2017 жылы ЕХРО 2017 жоспарлануда. Яғни, қазақ елі бұдан да танымал болмақшы. Бұл, біз үшін куаңтарлық жаңалық. Міне, бүгінгі күнде еліміз бақыты күн кешуде. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, отан үшін өмірін қиғандардың есімдері, әрқашан халықтың жүрегінде сақталады. Мен Отанмды жақсы көремін. Мұқағали атамыз айтқандай Отан – біздің бақытымыз. Біз Отанның болашағымыз. Елімізді әрі қарай көркейтетін мына біз боламыз!<span> Еліміздің келешегі – бүгінгі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз және саналы ұрпақ!</span>
Егер, үйде қонақ болса, үлкендер дастархан төңірегіне отырып қалса, онда жасы кішілер қонақтардан бастап қолға су әкеп құйып, сүлгі ұсынуы немесе қонақ кісіні қол жуғышқа бастап барып, ол қолын жуып болған соң, таза сүлгі беруі тиіс. Мүмкін болса, әр адамға жеке-жеке шағын сүлгі ұсынса, тіптен жақсы. Сондай-ақ жасы үлкендердің жасы кішілерге, ата-аналардың балаларының қолына су құйып, орамал әкеп беріп жатуы жарамайды.
Дастархан басында жиналғандар да қалай болса, солай отыра қалыспайды. Жасына, сый-құрметіне қарай әркімнің отыратын жері болады. Кішкентай нәрестелер, бүлдіршін бала ата-аналарының қасында отырады, өйткені, олар дербес, өз беттерімен тамақты ішіп-жеп, ас құйылған ыдыстарға иелік жасай алмайды. Ал, ер жеткен балалар ата-аналарынан, басқа да үлкендерден төмен орын алуға тиіс. Бірақ, бойжеткен қыз есік жаққа отырмайды. Ал, қонақ болса, үй иесінен жасының үлкен не кішілігіне қарамай төрде отырады. «Мейман атаңнан да үлкен» деген сөз содан шықса керек.Дастархан жайылып, тамақ қойылғаннан кейін, алдымен жасы үлкен кісі дастарханға бата жасап, «бісмілла» деп табаққа қол созып, астан ауыз тиеді де, ет болса сүйектерін кесек етінен ажыратып, отырғандарға өзі үлестіріп береді немесе ондай қызметті атқарып, етті турауды ыңғайы бар жасы кіші ер адамға, әдетте, жігіттерге тапсырады. Бүгінде ондай дәстүр қалып бара жатқанымен, әр жігіттің әсіресе той-томалақта, басқа да бас қосуларда табақтағы етті саспай, сасқалақтамай, жөнін біліп турай алуы қажетті саналады. Ал мұндай қызмет тапсырылмаған жасы кішілер мен балалардың алдымен табаққа қол салуы әдепсіздікке саналады. Олардың үлкендер тамақ алып отырғанда, олардан бұрын «жеп болдым» деп қолдарын сүртіп, дастарханнан шегінуі де жөнсіз, тұрып кету, тіпті, сөкет іс болып табылады. Өйткені, мұндай қылықтары арқылы әсіресе сырт кісілерді ыңғайсыз жағдайға қалдыруы және үлкендерді сыйламағандық, елемегендік, көзге ілмегендік болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан, жастар, дастархан басында қонақ, сырт отырған үйдің иесі табақтастарының жағдайын ойлап, қас-қабағын байқап қимылдағаны, ізет сақтағаны жөн. Сөйтіп, олар табаққа бата сұрап, содан кейін орындарынан тұрулары керек.Дастархан жиналып, қол жуылған соң, қонақтар қайтуға ыңғай білдіргенде, үй иесі олардан бұйымтай сұрап, онан кейін хош айтысып, шығарып салғаны дұрыс.