Дүниедегі тіршілік иелерінің барлығы өмір сүру үшін еңбектенеді. Еңбек тіршілік көзі. Еңбек ауадай керек. Себебі, еңбектенбесең өз қажетіңді өтей алмайсың. Ақыл-есі түзу, дені сау адам барлық жақсылық еңбекпен келетінін біледі. Сондықтан еңбектеніп, өз мақсатына қол жеткізгісі келеді. Мектептегі пәндерден жақсы баға алу үшін де еңбектені керек. Білімді азамат болу үшін де еңбектену керек. Жақсы маман болсаң жақсы табыс табасың, ал жақсы маман болу үшін тер төгіп, уақытыңды бөліп, еңбектенуің керек. Міне, байлықтың көзі еңбекте деп бекер айтылмаған.
Үстелдің үстінде, сөренің астында, есік алдында. үйдің артында
Біздің саяжайда әлі ешнәрсе жоқ. Тек саяжайға бөлінген жер ғана. Сондықтан қазір тиісті жерді қоршап, өңдеп, қолданысқа дайындаудамыз. Құрылысшылар шағын үй тұрғызуда. Кеше жеміс ағаштарын отырғыздық. Жоспарлаған істеріміз көп, уақыт тығыз. Уақытты дұрыс пайдалансақ әзірге тек көк өністерге қанағат етеміз.
Менің бос уақытымда ойнайтын ойыным ол – теннис. Мен теннисті ұнатамын және кортта ойнаймын. Кейде көрші достарыммен де ойнаймын. Теннис өте қызық ойын. Теннис денсаулыққа аса пайдалы ойын. Мұның себебі, ойында жүгіріп, секіресің және жылдам боласың. Сонымен қатар, қатты қозғаласың және далада ойнағандықтан шынығасың. Сондықтан бұл денсаулыққа аса пайдалы ойын саналады. Жазғы демалысымда мен теннис ойнауға көп уақытымды бөліп, көп жаттықтым. Менің достарымда осы теннис ойынын қатты ұнатады. Оны әлемде ең жақсы көретін жанкүйер менмін деп ойлаймын. Мен бос уақытым тенниспен өткені үшін қуанамын. Барлық алаларға интернетпен ойнамай спортпен шұғылдану керек. Мен болашақта тенниспен айналысып атақты спортшы болуым мүмкін. Мен тенниске денсаулық және спорт үшін жаттығамын. Басқа балаларды спортпен айналысуға шақырамын.
<span>
</span>