Ата- ана алдындағы борыш.
Отбасы күніне жазылған оқушы шығармасы.
Әр бала үшін дүниедегі ең қымбат жандар, әрине, ата-анасы. Олардан жақын адам табыла қоймас. Олар біздің туғанымыздан бастап, қасымызда жүріп,қамқорлық жасап, қолындағы барын бізге берген. Мен ата-ананың алдындағы борышты өтеу мүмкін емес деп ойлаймын. Себебі, олардың бізге сыйлағаны баға жетпес сыйы -өмір.Бұл-өте қымбат нәрсе.
Олар бізді дүниеге әкелді, ал біздің қолымыздан келетіні ол ата-анамызды ренжітпей, әрқашан оларға көмектесіп, қамқорлық жасап, құрметтеу ғана.Олардың бізге бергенін, біздің оларға беретінімізбен салыстыруға болмайды. Өйткені дүниедегі ең қымбаттысы-өмір. Ал, олар бізге өмір сыйлаған жандар емес пе? Біз оны бағалай білуіміз керек. Міне, сол себепті, біз ата-анамызға барынша қамқорлық жасап, оларды қуантып жүру біздің парызымыз.
<span>Мен ата-анама деген махаббатымды сөзбен жеткізіп айта алмаспын.Бұл сөздер менің оларға деген ыстық, шынайы сезіміммен салыстырғанда түкте емес. Ата-анамның көңілдеріне қаяу түсірмей, оларды бақытты ету үшін қолымнан келгенін істеймін.Оларға мың алғыс айтамын! Асқар тауым әкем ақ жаулықты анам – асыл жандарым</span>
Мерейтойлық күміс тиындар Қазақстанның Теңге сарайында жасалады. Олар - күміс ақшалар. Мерейтойлық ақшалар мерекелердің құрметіне арналып жасалады. Қазақстанның 10, 15, 20 жылдығына арналған тиындар бар. Бұл тиындар қолданыстағы тиындардан ерекше болады. Олар бір-ақ рет шығады. Коллекционерлер осындай арнайы жасалған тиындарды жинайды.
Вертикально:
1) Қыс айында мұз айдында,
Жүгіріп зыр қағады.
Бір адамды екеу ара,
Көтеріп ап барады. (Коньки)
2) Орай бұты, бөкен сырты,
Іші бар, ішегі жоқ. (Асық)
3) Таусыз жерде,
Сусыз шөлде,
Жансыз жаунгерлер,
Қарусыз соғысады. (Шахмат)
4) "Мяч" сөзінің қазақшасы? (Доп)
Горизонтально:
5) Астана қаласының кәсіпқой хоккей клубы? (Барыс)
6) Бірге бір (жекелей сын) немесе екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорт түрі? (Теннис)
7) Қысқы спорт түрлерінің негізгілерінің бірі? (Шаңғы)
8) Қазақтың ұлттық ойындарының бірі? (Аударыспақ)
9) Дегсаулық кепілі? (Спорт)
Батырлық жырлар, батырлар жыры —ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді.
1.Мезгіл үстеуі
қашан? қашаннан?
Бүгін,былтыр,биыл,ертең,енді,таңертең
кешке,қазір,енді,ендігәрі,бұрын,күндіз,ерте-ден,бүрсігүні,күні бүгін,қыстай,ала жаздай,
бағана,күні-түні,бойы,қыстыгүні,әлгінде, т.б
2.Мекен үстеуі
қайда?қайдан?
Ілгері,кейін,әрмен,мұнда,осында,сонда,әрі,
бері,жоғары,төмен,алға,тысқары,артта т.б
3.Сын-қимыл(бейне) үстеуі
қалай?қайтіп? қалайша?кімше?
әрең, ақырын,бірден,бірге,бірте-бірте,
бұрынғыша,қолма-қол,осылай,сөйтіп,өйтіп-бүйтіп,әрең-әрең,келе сала,емін-еркін,т.б.
4.Мөлшер үстеуі.
қанша?қаншама?қаншалық? қаншалап?қалай?қалайша?
онша,сонша,соншалық,мұнша,неғұрлым,
мұнша,соғұрлым,анағұрлым,талай,бірталай
5.Күшейткіш үстеуі
қалай? не мақсатпен ?
әбден,тым,ең,ылғи,кілең,сәл,өңкей,тіпті,нақ,
әнтек,мүлдем,дәл,нағыз,керемет,орасан,ерен,
әрен,аса,өте,т.б.
6.Мақсат үстеуі
қалай? не мақсатпен?
әдейі,әдейлеп,жорта,қасқана, т.б.
7. Себеп- салдар үстеуі
не себепті? қалай?
Босқа,бекерге,жоққа,құр босқа,лажсыздан,
Амалсыздан,шарасыздан.