Үш би өте дана, әділ шешімдер шығарып отырған. Олардың айткан дана сөздері біз үшін маңызы өте көп. Ол сөздер бізді жаксы жакка карай бұрып, сол жакка тартады. Бірақ қазіргі кезде билер мүлде әділ болмай кетті. Акша үшін өтірік шешім шыгарады. Ал бұрынғы заманда акша ешкандай рөл ойнамайтын. Бәрі әділ болатын.
Қыс мезгіліне көп жануарлар мен адамдар дайындалады Адамдар жылы киімдер сатады Ол киімдерді біз көп уақыт іздейміз Куз мезгілінде адамдар көкөністерді жинайды да ол көкөністерді үйге алып барып оларды жуып шөпке немесе қағазға орап қысқа дайындайсын Ал қыста ұйықтайтын жануарлар және аңдар қысқы ұйқыға былай дайындалады Мысалы тиін дейік Тиін өз үйін тазалап қойады да содан кейін өзіне тамақты іздейді содан кейін тиін өзіне жылы төсек дайындап қойады
Мінекей көрдің бе? Біз қыста соншама дайындық жасаймыз Аңдар да жануарлар да көптеген дайындық жасайды Біз қыс мезгіліне дайындық жасаймыз да оны байқамаймыз да Біз де аңдар да жануарлар да көптеген дайындық және көптеген еңбек жасаймыз
Менің сүйікті мамандығым - дәрігер.
Өмірде әрбір адам өзі қалаған мамандықтың иесі атанғысы келеді. Әрқайсысы жанына жақын маман иесі болады. Таңдаған мамандық адамның қиялына қанат бітіріп, оны зор табыстарға жетелейді. Қазіргі қоғамда көптеген мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Мен қалаған сондай мамандықтардың бірі әрі бірегейі - дәрігер болу. Дәрігерлік қай кезде де өз биігінен түскен емес. Адамның өмірін ажалдан арашалап алу - дәрігердің басты мақсаты. Дәрігерлер адамдарға өмір сыйлап, олардың қауіпті ауруларға душар болмауын қамтамасыз етеді. Көпшіліктің зор алғысына бөленеді. Сондықтан, мен медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамда кеңінен таралған дерттердің алдын алып, халықтың денсаулығының мықты болуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, адал қызмет етуді қалаймын. Жанарынан мейірім нұры төгілген ақ халатты абзал жан атану үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен осы мамандықты толықтай меңгеріп, ел халқының әл-ауқатын арттыруды мақсат етемін. Себебі, елдің дамуында оның тұрғындарының денсаулығы аса зор маңызға ие. Болашақта білікті де білімді дәрігер болып, халықтың денсаулығын жақсартып, толағай табыстарға, мол жетістіктерге жетіп, Отанымның кемел келешегінің өркендеуі үшін өз үлесімді қосамын!