Менің бөлмем өте кең, жарық және менің таңдауым бойынша жасалған. Бөлме қабырғасы көгілдір және оның үстінде түрлі-түсті гүлдер салынған. Төбеде көгілдір аспашам. Аспашамдағы суреттерді қабырғаға жақын болсын деп, өзім салдым. Бөлмемде менің киім салатын шкафым, сабақ істейтін үстелім бар. Үстелдің үстінде компьютер, оның алдында мен көп уақыт өткіземін. Үстелдің қасында кітап салатын шкафым бар. Сол шкафтын бір сөресінде өзімнің сувенирлерім бар. Оларды мен болған елдерден әкеліп жинап жатырмын. Сол қызығушылығым жайында барлық достарым, туысқандарым біледі. Басқа елдерге барғанда, міндетті түрде маған сувенирлерді алып келеді. Бөлмемде тазалық сақтаймын, өйткені ол менің жан түкпірім.
Маған отбасы үлкен сыйлық дайындапты. Мен бұл сыйлыққа қатты қуандым.
Біл - түбірі
е - есімшенің жалғауы
ді - жіктік жалғау
Кірпігінен қырау тамған – қаһарлы
Кірпідей жиырылу – жақтырмау
Кірпік қаққанша – тез
Кірпік қақпау – ұйықтамау
Кіршік шалу – ойына ақау түсу
Қабағы кірбің тартты – ренжіді
Қабағын қырау шалу – қартаю
Ине шаншар жер жоқ –
Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр
Инені жіпке тізу – бәле қуу
Иненің жасуындай – азғантай
Иненің көзінен өткендей – пысық
Ит арқасы құрысты – қайратқа мінді
Жанды жегідей жеу – қиналу
Жаны зәр түбіне жету – қорқу
Жаны сіріден жаралған екен – мықты
Жанын қоярға жер таппау – әлек болу
Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау
Жауырынан жел өту – азап шегу
Жағадан алу – қылғындыру
Жағасын ұстау – таңдану
Жағы сембеді (тынбады) – көп сөйледі
Жағына пышақ жанығандай – арық
Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты
Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру
Екі аяғын (өкпесін) қолына алу – аяғы-аяғына жұқпау
Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу
Екі езуі екі құлағына жету – қуану
Екі көзі төрт болды – қорықты
Мозг перестаёт нормально думать если долго седеть