Мен уйыктап жатканда дала жап жарык болып кетті сыртка шыгып карасам бір жер ойылып калыпты мен корыккан жокпын касына барсам бір жателдік секілді бір макулык кулап жатыр екен мен касына барып едім ол турып кетті озінің табакшасын жондеп мені озімен бірге алып кетті гарышка бардым гарышта жателдіктер толып жатыр екен олар менің тілімді біледі екен мен олармен тез достасып кеттім сойтіп мен олармен калатын болдым бул баланың караса тусі екен бала оянды бірак ол бул түсті ешкашан умытпайды
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Всеми падежными окочаниями
1)Тағы сен бе деп ұрысты содан соң орнына отырды.зат есімді түсіндіріп жатқан болатын
“Кәнтөжни” қария (қазақы әңгіме)Шал шығарған шатақ<span>…Сүт пісірім уақыт бұрын ғана бұл шаңырақ қуана қауышқан мәре-сәре үнге бөленіп жатқан. Хамзе қарттың қалада қызмет істейтін ұлы бала-шағасымен қонаққа келіп еді. Қырық сылтауы таусылмай, төрт-бес жыл төбе көрсетпей қойған. Сағынысып қалыпты. Арқа-жарқа әңгімемен шай ішілді. Сол жадыраған көңілмен далаға шыққан. Қарияда бас жағы баршылық. Ұл-қыздарының көбі өз төңірегінде түтін түтетіп отыр. Оқу оқып, ғылым соңына түскен осы ұлы ғана. Шал үшін «Хамзенің қызметкер ұлы мәшинесімен келіпті» дегеннің өзі бір мәртебе. Ауылдағы қарадомалақтарымен салыстырғанда қаладан келген немерелері қандай. Көп қаздан мойны озған аққудай көрінеді. Киімдері мұнтаздай, қимылдары ширақ.
Бәрі жарасымды, бәрі сүйкімді-ақ еді. Осы керемет сәт қас-қаққанша нілдей бұзылды. Бұзған – қос немеренің қос ауыз орысша сөзі. Сағынып көрген немерелерінің шүлдірлегенін естігенде қарттың қаны басына тепті.</span><span>Қой соймаққа қамданып жатыр еді. Қолындағы пышағын қора төбесіне ызалана лақтырды. Әлгінде ғана бауыздалғалы тұрған қара қой өрісті бетке алып, маңырай безді. Екі немересіне қарап: «Ай, атаңа нәлет-ай! Не оттап тұр мына иттер?!» деп зор дауысымен ақырып қалғанда, ауладағы бала-
шағаның зәре-құты қалмады. Қияңқы шалының қаһарынан ыққан кемпір байғұс бүкшеңдеген қалпы үйге зып берді. Ашудан түтіккен шал зіркілдей сөйлеп қамшыға ұмтылғанда, не жазып қалғанын ұқпаған екі ұл әке-шешелеріне қарай құстай ұшты. «Әй, жетесіз ит-ай! Қалада оқып, қызмет қуғанда жетістіргенің осы ма? Ата жауыңның тілін шаңырағымда шәңкілдеткенің қай қорлығың? Осы қорлықты көрсетейін деп келдің бе, маған, а?» деп тұра ұмтылып, қызметкер ұлын қамшымен тартып-тартып жіберді. Қанына қарайғаны сонша, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты. Айғай-шуға көрші-қолаң жиналды. Ара түскен ұл-қыздарына бой бермей, «Орыстың атаңа қылған айуандығын ұмыттың ба, әй, ит? Кәпірдің тілінде сөйлеген ұрпағымды көзімнің тірісінде сен көрсеттің-ау. Санасыз неме! Енді қайтып бұл табалдырықты аттап басушы болма!» дегенді кесіп айтып, ұлының жер-жебіріне жетіп, ақыры боқтап-боқтап үйінен қуып шықты. Шалдың ашуы басылды-ау деген шамада қайта айналып келген ұлы, әкесінің аяғына жығылып, жылап тұрып кешірім сұрап, зорға татуласты. Жиналған жұрт аң-таң.</span>