Маусым жарлығы – “Июнь жарлығы” – Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы “Бұратана” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы.
Жарлық Қазақстанның , Орта Азияның, ішінара Сібірдің 19 бен 43 жастың аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу, т.б.) “реквизициялауды” (“жұмылдыру”, “әскерге шақыру” емес) жоспарлады. Бейнебір малды реквизициялау (өткізу, жеке адамның мүлкін күшпен алу) туралы болып отырған сияқты “реквизиция” сөзі қолданылды. Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан , Орта Азиядан 400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Бірінші кезеңде 19 – 31 жас, екінші кезеңде 32 – 43 жас аралығындағы азаматтар алынбақшы болды. Олардың тізімін жасау жергілікті болыс басшыларына жүктелді. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары істі жеделдету үшін болыс, старшын және “құрметті ақсақалдармен” жиналыстар өткізіп, “Маусым жарлығын” бұлжытпай тез орындау керек деген шешім қабылдады. Бұл жергілікті жерде патша өкіметіне қарсы халық наразылығының күрт күшеюіне алып келді. Халық наразылығы күннен-күнге өріс алып, Қазақстандағы он алтыншы жылғы көтеріліске ұласты.
жұмысқа орналасқан
құралмен жабдықтыратын
жадыға сақтады
кеш ұйымдастырған
тынбай жұмыс істеген
музыканы қосатын
гүлді ұстайтын
Мен ірімшікті жақсы көрем
Алемде 250 ден астам елдер бар.
Казактын жерлери пайдалы казбага бай.
Жастар сабагын жаксы оку керек.
Сабак 8.00де басталады.
Аяулым оте талантты
Бул билимнин дауири.