Халқын сүйген — салтын сүйерЕл, Отан, салт-дәстүр бір-бірімен тығыз байланысты. Салт-дәстүр — ата-бабамыздан мирас боп қалған асыл мұра.Дүниеге пенде боп келген соң, өз еліңде өз тіліңді, өз дініңді, өз дәстүріңді біліп өсесің. Бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан халықтың салт-дәстүрі де көпшіл болмақ. Қазақтың ақжарқын, адал, қоғамшыл халық екені салт-дәстүрлерімізден де байқалады. Сол салт-дәстүрлерімізді сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу — біздің борышымыз.Шынар МЫРЗАКЕНОВА,№2 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы.<span>Шалқар қаласы.
</span>
Біздің халқымыздың қонақжайлылығы жайлы көп адамдар сөз етеді. Егер кенеттен үйге шақырылмаған қонақ келсе, оның алдына үйде не бар, не жоқ, барлығын жайып саламыз. Ал егерде, қонақ әдейі шақырылған болса, онда оған қарыздансақ та, ең дәмді мен тәттіні ұсынуға тырысамыз. Қазақтың тойлары да, қонақжайлылықтың көрсеткіші. Бір тойыдң өзіне екі жүз адамнан кем шақырмаймыз. Ал той ауылда жасалған болса, тіпті бүкіл ауыл сол тойдың күәгері болып кетеді. Қонақжайлылығымыздың арқасында, қазір елімізде жүз жиырмаға жуық халықтар мекен етеді. Мен өз халқыммен және еліммен мақтанамын!
Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.Өзiнiң <u>биологиялы</u>қ құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С дәрумендерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 дәрумендерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам ағсасының С дәруменiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, дәрумендерге өте бай.
Қаймақты бiрнеше түрлерге бөледi. Егерде қою сүттi салқын жерге бiрнеше сағатқа қалдырса, онда "шикi қаймақ" алуға болады. Қайнатылған сүттiң көбiгiн қазақтар "пiскен қаймақ" деп атайды. Қою қаймақты "<u>к</u>iлегей" не "маңыз" деп атайды. Қаймақтан өте дәмдi әрi пайдалы тағам - "<u>бал </u>қаймақ" алынады.
Құрт – пісіліп майы алынған айранды қайнатып арнайы дорбада сүзіп алып тұздап, кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрттың сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлері бар. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер кеуіп үлгермеген құртты алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады.Құрт – кальцийдің көзі. Құрт- сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағамның өзіндік ерекшелігі бар. Ақуызға өте бай. Соның арқасында құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі.
Жомарттың мінезі жайдары,ақ көңіл өте мейірімді бала.
Ал Асланның мінезі тұйық,өзінің ойын толық жеткізе алмайды əрқашан томаға тұйық болып жүретін бала.Бірақ оның жүрегі өте жұмсақ