Бес жасар Бейсенбай азанда
ерте тұрып, бақшадан екі-үш бәдірен үзіп алып, дәу тамның артындағы
әткеншекке жайғасты. Кенет әулінің дарбазаға тақау бұрышындағы тауық
кепеден біресе мекиеннің, біресе қораздың жарыса шыққан дауыстары
естілді. Ол әткеншектен секіріп түсіп, солай қарай тұқым алуға беттеді.