Баяғыда бір қыз болыпты. Бір күні оған шешесі қызыл телпек сыйлапты. Қыз телпекті ешқашан шешпепті. Сондықтан жұрт оны қызыл телпек деп кетіпті.
Бір күні шешесі самса пісірді.
– Қызыл телпек, самса мен майды әжеңе апар, жолда ешкіммен сөйлеспе, – деді шешесі.
– Жарайды, – деді Қызыл телпек.
Қызыл телпек самсаны, майды алды, әжесіне кетті. Жолда ол қасқырды көрді.
– Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсың?
– Әжеме бара жатырмын.
– Әжең қайда тұрады?
– Әжем шеткі үйде тұрады.
Қасқыр қысқа жолмен жүгіріп кетті. Ол үйді тез тапты. Қасқыр есікті түртті.
– Бұл кім? – деді әжесі.
– Бұл мен, Қызыл телпекпін, – деді қасқыр жіңішке дауыспен. – Сізге самса мен май әкелдім.
– Жіпті тарт та, кір.
Қасқыр жіпті тартты, үйге кірді. Сосын әжені жеп қойды да, төсекке жатты. Бір уақытта Қызыл телпек келді, есікті түртті.
– Бұл кім? – деді қасқыр жіңішке дауыспен.
– Бұл мен, Қызыл телпекпін, сізге самса мен май әкелдім.
Қызыл телпек жіпті тартты да, үйге кірді. Қасқырға жақындады, сосын:
– Әже, әже, неге сіздің көзіңіз үлкен?
– Сені көру үшін.
– Әже, әже, неге сіздің қолыңыз үлкен?
– Сені құшақтау үшін.
– Әже, әже, неге сіздің аяғыңыз үлкен?
– Жақсы жүгіру үшін.
– Әже, әже, неге сіздің құлағыңыз үлкен?
– Жақсы жүгіру үшін.
– Әже, әже, неге сіздің тісіңіз үлкен?
– Сені жеп қою үшін, – деп қасқыр Қызыл телпекті жеп қойды.
– Сол кезде аңшылар үйге кірді. Олар қасқырдың ішін жарды.
– Одан Қызыл телпек пен әжесі шықты. Сөйтіп олар аман қалды.