Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
Су - ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
Судың да сұрауы бар.
Суға кеткен тал қармайды.
Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.БаскетболБүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралиядаорналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.Қытай жерінде біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.
Жумбак болса Карбыз болуы мумкин
Достық деген бір ауыз сөздің астарында қаншама құнды ұғым, қасиет бар десеңізші. Бірақ, осы күнде сол достық деген аяулы атқа сызат түсіп, ауызекі қолданыста атүсті айтыла беретін болып барады. Дос қалай болады, қандай жағдайда танылады?!
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалт- қысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын ізгі қасиеті. Достық өзара жауап- кер шілік пен қамқорлықтың, рухани жақын- дықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.