Айранның пайдасыАйран — сүттен жасалатын ағарған. Айранның адам ағзасына пайдасы мен қасиеті мол. Мәселен, адам түрлі тамақтардан уланған кездерде де айранды қолданады. Себебі бұл өнім ағзаны тазартып қана қоймай, өзінің дәрумендерімен емдеп жазады. Ауруға қарсы тұру қажырын көтереді. Медицина тілімен айтқанда «жедел жәрдем ас». Ал бұл сүт өнімін арнайы ашытқы арқылы дайындайды. Анығырақ айтсақ, сүтке қамжылы кезінде ұйытқы салып, 3-4 сағат жылы жерге қояды.Айран — Қазақстанды, Орта Азияда, Қырымда, Кавказда кеңінен тараған тағам. Сондықтан болса керек, бұл тағамның шығу тарихын әр ел өзіндерімен байланыстырып алған. Бірақ анағында айранның нағыз төркіні — қазақ елі. Айранның құрамы сүтке ұқсағанымен, ұйытылған соң пайдалы дәрумендерінің саны ағағұрлым арта түседі. Сондықтан болса ерек, шөлімізді қандырады әрі тойымды тамақ. Қазақтың ең танымал ұлттық тағамдарының бірі — айран қасиетін барша қазақ біледі. Кешкі астан соң, міндетті түрде 1 кесе айранды тұтынған. Бұл асты қорытуға көмегін тигізеді екен. Кішкентай нәрестелерге де айран берген, ауру-сырқаудан сақ болсын деп. Жүкті әйелге де осы тағамды тұтынуға кеңес берген. Кез келген тағаммен бірге қонақ алдына да ағарған айранын ұсынған. Бұл қонақжайлылықтың белгісі. Осылайша қазақтың дастарханыннан айран үзілмей келеді. Айран әрдайым диетологтардың кеңес беретін ас мәзірі. Құрамы күрделі болғанымен, соңы семіздікке алып келмейді. Себебі ағзаға түскен айран өзге тамақтарды қорытуға белсенді. Айран ұйқысыздық дертінінң де алдын алады, яғни жүйке жүйесін де емдейді. Тіпті ота жасалған адамға да айранды ішкізу — бұл ағзаның тез жазылуына әкеледі. Ал қыз-келіншектер айрынды косметикалық бағытта да пайдаланады. Бетке жағып, 15 минуттан кейін күн сайын жуып тастау әжім түсуден сақтайды екен. Бетті нәрлендіріп, қалпына келтіреді. <span>Асқорыту жүйесін реттейді, Жара және күйіктерді емдейді, Көздер үшін А витамині бар, Жетілу үшін Е витамині бар, Антибиотиктердiң қосалқы әсерлерін жояды, Жүйке және жүрек үшін қажетті В1 витамині бар, Іш өту және ішек ауруларын емдейді, Терінің жақсаруы үшін В2 витамині бар, Құрамындағы ақуыз адамның күшін арттырады, Сүйектің жетілуі үшін D витамині бар, Ішек улануларынан сақтайды, Ішектердің жақсы жұмыс істеулерін қамтамасыз етеді, Ауруларға қарсы емдік қасиеті бар, Минерал ретінде кальцийі мол, Аурулардан сақтайды.</span>
Ауыз әдебиеті әңгіменің бір саласы – аңыз. Аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан алғанда аңыз бен ертегі екеуінің арасы жақын. Негізгі айырмасы – аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Әуелде тарихта шын болған, кейін сондай адам болыпты-мыс деп, ел аузында лақапқа айналған адам туралы әңгіме етіледі.
Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа қалдырады.
Аңыз әңгімелерге қиял элементі қаншама көп араласса да , әлгі аңызға айналған адамның өзі кәдімгі қарапайым адамның қатарында қала берді. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қорқыт т.б. – бәрі де шындықтағыдай, жай адамдар ретінде суреттеледі.
Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға әкеп тірейді.
Қазақта Асан қайғы туралы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқасы бар. Кейбіреулерінде ол өз халқына бақыт іздеп, Жерұйық тапса, жақсылықты алдан күтсе, кейбіреуінде ол хандардың қамқоршысы кейпінде көрінеді, сары уайымға салынады.
Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.
Земли казахстана широкие и богатые , природа разнообразна , тут есть и степи и горы и озера и даже пустыни.
история казахстан насчитывает несколько веков, здесь есть известные всему миру памятники , места отдыха.
медеу считается гордостью нашей страны
казахстан получил независимость 1 декабря 1991 года.первый президент назарбаев
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашанқұрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлықэкспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.[1]
Жуан:
Жанболат
Тасжол
Кас
Жау
Колхат
Карттык
Жинишке
Перзентхана
Коп билген
Есейе келген