Александр Сергеевич Пушкин (6 маусым 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпан1837, Санкт-Петербург, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы. Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді. Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады.
Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.
12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты. Жас Пушкин әдебиеттегі өз орнын табуға, өзінің шығармашылық бетін айқындап алуға үлкен мән берді. Оның әдебиетке алғаш келген жылдары жазған өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, олардан біз азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақынның асқақ бейнесін көреміз. Жаңа ұрпақтың арман-мұраты, үміт-сенімі, ескіден безінуі, ізгілікті, бостандық пен бақытты армандауы - осының бәрі оның поэзиясынан бірдей-ақ жарқын көрініс берді. Ақынның ой-сезімінің қалыптасуына күшті әсер еткен зор тарихи оқиға 1812 жылғы Отан соғысы болатын. Ол Пушкиннің санасында мәңгі өшпес із қалдырды.
Ресейде отаншылдық, азаттық идеялары кең қанат жайды. Халықтың еркіндігін, бостандығын темір құрсаумен шырмаған патшалық құрылысқа наразылық үдей түсті. Патшаға қарсы күреске шығып, батыл қимылдаған революцияшыл декабристер ескі дүниені дүр сілкіндірді. Ол болашаққа, азаттық идеясының жеңетіндігіне кәміл сенді. Декабристер көтерілісінен кейінгі жылдарда Пушкин Ресейдің әр аймағында күн санап қанат жайып, күш алып келе жатқан шаруалардың революциялық қозғалысына үнемі көз тігіп, көңіл аударды, оған үлкен үміт артты. Жаңашыл, алғыр ойлы, күрескер ақын халықтың тарихын, әдебиетін, аңыз-ертегілерді, ескі жыр-дастандарды жақсы білді, қалыптасқан бай әдеби дәстүрлерден де іргесін аулақ салған жоқ. М. В. Ломоносовтың ірі қоғамдық мәселелерді толғай білгені, Карамзиннің адамның жан сезімін әсерлі суреттеуі, В. А. Жуковский өлеңдеріндегі ерекше әуездік, сыршылдық, И. А. Крыловтың қарапайым адамның мінез-әрекетін дәл бейнелеуі, А.С. Грибоедовқа тән қоғамдық өмірді суреттеудегі шынайылық, сыншылдық, К.Ф. Рылеев поэзиясындағы отаншылдық, адамзаттық әуен, революциялық сарын - бұлардың бірі де Пушкинге жат емес екенін ап-айқын аңғарамыз. Бірақ ақынның өз тұлғасы осы аталған ақын, жазушылардың біріне де ұқсамайды. Өйткені ол орыс әдебиетіне дәуір талабына сай тың ақындық ой-сөзім әкелді, орыстық ұлттық көркем ой жүйесін керемет өнерпаздық күш жұмсап, мүлдем басқаша қалыптастырды. Сондықтан Пушкиннің терең толғайтын ойшылдығы да, лирикадағы сезімталдығы да, шебер суретшілігі де, оның шығармаларындағы отаншылдық, азаттық аңсау идеялары да, революциялық жалын-леп те бәрі-бәрі де бұрынғыдан өзгеше, жаңаша сипатта танылады.
Осы жылдары «Свобода», «Чаадаеву», «Деревня» секілді өлеңдерін, «Руслан и Людмила» атты тұңғыш поэмасын жазды. Кишинев, Одессаданкейін патшалық Ресей үкіметі Пушкинді әдеби-мәдени ортадан алыс жатқан Михайловское селосына жер аударды. Бұл тұста қаламгер өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романы мен «Граф Нулин», тағы басқа көптеген өлеңдер мен сын мақалаларын (1824), «Борис Годунов» (1825) тарихи трагедиясын жазды. Орыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, халықтық сөз қорына дендей енген А. С. Пушкин шығармалары енді көркемдік-реалистік арнаға бет бұрды. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, адамдардың әр алуан мінез-құлқын терең бейнелеген «Евгений Онегин» романы «орыс өмірінің энциклопедиясы» (В. Белинский) атанды. А.С. Пушкин шығармаларының бір қыры — тарихи таным, «Борис Годунов», «Полтава», «Медный всадник» және тағы басқа да туындысы арқылы ол әрі ақын, әрі тарихшы ретінде танылды.
А. С. Пушкин Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады.
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 5 жазғы және 5 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. 1988 жылға дейін қазақ спортшылары КСРО құрамасының қатарында өнер көрсетті.
1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында да Қазақстан спортшылары Біріккен команда құрамына енді. Бүгінге дейін ел қоржынына спорттың жазғы түрлері бойынша 58 олимпиада медалі мен спорттың қысқы түрлері бойынша 6 медаль түскен.
Күні кеше аяқталған Лондон Олимпиадасы қазақ елі үшін жемісті болды. Бұрын-соңды отандық спортшылар мұндай жоғары жетістіктерге қол жеткізбеген еді. Бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ел намысын қолдан бермеген, көк байрағымызды көкке көтерткен толағайларымызбен қайта қауышсақ.
1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет өз қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль салды.
Жаздын жайдарлы куни еди.аслан мен арлан бирге одоп ойнап журген.бир кезде аслан байкамай акмарал татенин терезесине доп лактырып калып еди, терезе шагылып калды. Аслан допты Арланга лактыра салып ози кашып кетти. Сойтип далага Акмарал тате шыкты. -Ким менин тереземди шакты деп урысты. Сонда Акмарал тате Арланнын колындагы допты корип Ааа сен екенсингой-деп колынан устап алып кетти.Ол сойтип ози кинали ози кинали деп коймады.Бирак Акмарал тате онын созин уга алмай койды.Сонда Арлан Аслан лактырганын айтып кинали болмады.
С - дауыссыз, катан ы - дауысты, кысан, езулик, жуан р - дауыссыз, унди г - дауыссыз, уян а - дауысты, ашык, езулик, жуан н - дауыссыз, унди а - дауысты, ашык, езулик, жуан к - дауыссыз, катап з 8, б 8