Екі не одан да артық түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер - біріккен сөздер деп аталады. Емлесі: 1.Біріккен сөздер үнемі бірге жазылады.Мыс: әуежай,жолсапар, таңертең т.б 2.Жазылу үлгісі 2 түрлі: а) біріккен сөздердің сыңарлары түбір тұлғасын сақтап бірге жазылады.Мыс:ақкөңіл,үшбұрыш, теміржол ; б) дыбыстық өзгеріске ұшыраса,айтылуы бойынша жазылады.Мыс:күздігүні ( күзді+күні),жамбас(жан+бас) қолғанат (қол+қанат) т.б. 3.Әлде,әр,бір,еш,кей сөздері : а) есімдіктермен тіркессе бірге жазылады.Мыс: ешқашан,ешқайда, әрқайсысы т.б ; б) зат есімдермен анықтаушы ретінде жазылса,бөлек жазылады.Мыс: әр адам,кей адамдар,еш нәрсе т.б. Қос сөз дегеніміз түбір сөздердің қосарланып айтылуынан жасалған күрделі сөз.Негізінен,екі сөзді қосақтау,қайталау арқылы немесе бір буынды қабаттастыру арқылы жасалады. Мағыналық ерекшеліктері: 1.Дара мағыналы сөздерден құралып,жинақтық,жалпылық мағына береді.Мыс: бала-шаға,ата-ана,құрт-құмырсқа. 2.Ұғымды дәл атамай,екіұшты етіп болжау мағынасын береді.Мыс:бүгін-ертең,бес-алты,ағайын-туған. 3.Амалдың бір рет емес, бірнеше рет қайталанағанын білдіреді.Мыс:күле-күле,қарай-қарай,жүгіре-жүгіре. 4.Екі субъектінің арасындағы қарым-қатынастың тікелей болатынын білдіреді.Мыс:өзді-өзіне,қолма-қол,үйден-үйге . 5.Заттың түсін, сапасын,көлемін күшейту үшін қолданылад.Мыс:ап-ашық,әп-әсем,қап-қара, кіп-кішкентай т.б
Осы дүниеге келгеннен бастап туған жерің сені суымен, тауымен, табиғатымен өзіне еркелетеді. Туған жерің саған оттан да ыстық болады. Бірақ оны алыстаган кезде шынайы түсінесің. Ал өскен кезде әскерге барып ата-бабаларының аманат етіп қалдырған жерін өз жаныңды құрбан етуге дайын болып сақтап тұруларың қажет. Сол кезде сен бар елдің тыныш ұйқысымен бейбіт өміріне жауапты боласың. Сол үшін елдің тағдыры - өзінің тағдыры деп бекер айтпаған