Ответ:
<h2>можно текст ???? там надо по тексту выполнять кажется ?????</h2>
Читается как э, только мягкий звук
<span>Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Мен 14 жастамын. Дегенмен балалық кезеңнен әлі де болса аттап кеткен жоқпын. Кешегі титтей кішкентай кезім қызық әрі өте қанық түстерге толы болды. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске түсіргенде, өз-өзіме көңілім толмай ұрысып аламын. Сол кезде жасаған көптеген оғаш қылықтарым үшін маған өкпелеп қалған адамдардан кешірім сұраймын. Кей сәттерді еске алғанда тіпті ішек қатып күлгенім де бар. Балалық шақ балдай тәтті ғой, арасында ащысы болса да, ол- балалық еркеліктің еншісінде. Ертең есейген шағымызда балалығымызды қатты сағынатын болармыз. Әрине, сағынамыз. Қазір бізде сағыныш бар, бірақ ол соншалықты қатты емес. Достар, есеюге асықпайық. Оған әлі жетеміз ғой. Бірақ балғын шақ кетісімен қайтып оралмас ешқашан. Сол себепті, сенің балалык шағың - өміріндегі ең басты байлығың дегім келді.</span>
Аспан әлемі -жұмбақ әлем. Ғарышқа адамдар ұшып барып келіп жатырған ғасырда не қылған жұмбақ дерсіз? Алайда күндіз көгілдір,түнде түпсіз тұңғиық аспанға қарап жатып,аржағында не бар екен деген ойға қалмау мүмкін емес!Мен де солай ойлаймын. Әрине, ғылымның дамыған заманында,көзі ашық,көкірегі ояу адамның аспанда не бар екен деп ойлануы күлкілі де шығар? Ондағы жұлдыздар,аспан денелері, құйрықты жұлдыздар, осы күнге дейін ашылмаған жұлдыздар -бәрі тылсым дүниенің жұмбағы емес пе? Мысалы "Жетіқарақшы", "Үркер", "Таразы" тағы да басқа деген шоқжұлдыздар атауы қалай пайда болды? Бұл да мен үшін қызық. Қазақ халқы жұлдыздарға ,аспанға қарап, ауа райын болжайды. Мысалы, жаңа ай шалқасынан жатып туса,күн суық болады,жұлдыз көп болса,күн ашық болады. "Халық айтса-қалып айтпайды" дегендей, өмірдегі тәжірибесімен-ақ дана халқымыз аспанға ұшпай-ақ, аспан әлемінің сырын білген сияқты. Дегенмен, біз білмейтін жұмбақ көп...
Аялаған Астана
Жетпес саған бір қала,
Бәйтерек тұр жарқырап
Журектерді жандыра